Әтия Тырнақов Орталық Қазақстандағы Қарсақбай деген жерде (қазіргі Қарағанды облысы Қарсақбай кенті) шаруаның отбасында дүниеге келген. 1941 жылы ол Шығыс Қоңырат кентіне көшіп келіп, бұрғылаушы мамандығын тез игереді де, кеніштегі ең алдыңғы қатарлы бұрғылаушылар бригадасын басқарады. Ауысыммен жұмыс істеу кезінде оның бригадасы молибден кенін жиырма тоннадан қырық тоннаға дейін өндіріп отырған. Әтия Тырнақов сонда да еңбек өнімділігін арттыру жолдарын үзбей іздейді. Ол өндірілген кен орнының биіктігін екі метрден төрт метрге дейін көтеріп, ойықты тереңірек ою жолдарын ұсынады.
Соғыс кезінде елде өндірілген әр 100 тонна молибденнің 60 тоннасын «Шығыс Қоңырат» кенішінің кеншілері берген. 1942 жылдың қараша айында Әтия Тырнақов өзінің жұмыстасы Смирновпен бірге нормасы 420 куб.м болатын кен орнын бұрғылаудың орнына 800 куб. метрлік кен орнын бұрғылаған. Олардың осы ерлігі Ұлы Отан соғысындағы кеңес әскерлерінің жасаған ерлігімен бірдей болып, тарих беттеріне ұмытылмастай болып енді.
КСРО Түсті металлургия Министрі Петр Фадеевич Ломако өзінің «Цветная металлургия в годы Великой Отечественной войны» атты кітабында: қазір өзінің жұмыс жоспарын 500-600 пайызға дейін орындаған бұрғылаушылардың бригадирі Әтия Тырнақовтың атын атамай кету мүмкін емес сияқты. Әтия Тырнақовтың аты тыл солдаты ретінде Ұлы Отан соғысының Кітабына да енген» деп жазған болатын. 1941-1945 жылдар аралығында жыл сайын алғашқы тұңғыш қара мыс балқымасын алған 24 қараша күні ең үздік бұрғылаушы мен шахтерға Әтия Тырнақов атындағы құрметті сыйақы беріліп отырған.
Әтия Тырнақов 1944 жылы өмірден озды.
Әдебиеттер тізімі:
2. Башар, Ж.Ерен еңбек иесі – Әтия Тырнақов / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2009. – 11 ақпан(№22). – 4 б.