"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Қосымбаев Алшымбек

Просмотров: 1200

     Қосымбаев Алшымбек 1898 жылы сол кездегі айтылу бойынша Қарабұлақ өзенінің жағасында орналасқан, құрамына Береке мен Қопа ауылдары кіретін № 3 ауылда  дүниеге келген.  Ол алғашқы еңбек жолын 1929 жылы Қоңырат бұрғылау цехында жұмысшы болып бастап, слесарь және ағаш ұстасы  мамандықтарын игерген. Оның одан кейінгі еңбек жолы Дінмұқамед Қонаевпен тоғысып, олар Қоңырат кентіндегі бұрғылау станогында бірге жұмыс істеген.
   Қосымбаев Алшымбек ерен еңбегі үшін «Қазақстанның 15 жылдығы» белгісімен (1935ж.) және «Ерен еңбегі үшін» медальымен (1939ж.) марапатталған. Ол 1938 жылы ҚазКСР-ның Жоғарғы Кеңесінің бірінші шақырылымының депутаты болып сайланып, КСРО коммунистік партиясының XVIII съезіне делегат болып қатысты.  1953 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Қоңырат поселкелік кеңесінің төрағалық қызметін абыроймен атқарған.
     Қосымбаев Алшымбек 1963 жылы дүниеден озды. 
 
Әдебиеттер тізімі:
 

Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика