Зайцев Николай Васильевич Қазақ КСР-не енңбегі сіңген кенші. Ол 1943 жылы Томск политехникалық институтын бітіріп келгеннен кейін, Шығыс Қоңырат кенішінің № 1 шахтасында механик болып еңбек жолын бастады. Одан кейін молибден фабрикасында аға механиктің орынбасары болды. 1946 жылы Шығыс Қоңырат кенішіне ауыстырылып, 1961 жылға дейін 7, 8-шахталарда механик, бас инженер, шахта бастығы қызметтерін атқарды.
Бұдан әрі ұйымдастырушылық, іскерлік қабілетімен көзге түскен Николай Васильевичті комбинат басшылары Қоңырат кенішінің директорлығына тағайындады. Ол осы жауапты қызметті 26 жыл бойы абыроймен атқарып шықты.
Оның Отан алдындағы, халық алдындағы еңбегі жоғары бағаланып, ол 1974 жылы “Еңбек Қызыл Ту” орденімен, 1966 және 1978 жылдары “Құрмет белгісі” орденімен “Еңбектегі үздік көрсеткіші үшін” медалімен марапатталды. Сонымен бірге, Н.В.Зайцев КСРО Түсті металдар Министрлігінің Құрмет грамотасының иегері.
1993 жылы 13 желтоқсанда Балқаш қалалық әкімдігінің шешімімен Н.В.Зайцевке “Балқаш қаласының құрметті азаматы” атағы берілді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Көше аты өзгерді. – 1995. – наурыз.
2. Балқаш. Тарих беттері. Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 199-201,207.