Ысмағұлов Байгазы 1916 жылы Семей облысының Шыңырау деген жерінде дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын 1949 жылдан бастап Балқаш қаласындағы мыс алыбының металлургиялық цехында конверторларды қалыптаушы болып бастайды. Содан кейін өзінің білімі мен еңбексүйгіштігіне орай, мыс балқыту цехының бастығы қызметіне дейін көтеріледі.
Байғазы Ысмағұловқа 1969 жылы КОПК ОК және КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен ренийлік өнімді алуда шикізатты кешенді пайдалану және оттегіні дереу қолдану арқылы мыстың балқыту көлемін ұлғайту туралы жаңа технологиялық үдерістерді дайындап, енгізгені үшін КСРО-ның мемлекеттік сыйлығы берілді. Ол ауыр салмақты мысты тез балқыту үдерістерінің бастамашыларының бірі болып саналды.
Б.Ысмағұлов 1957-1959 жылдары Балқаш қалалық комитетінің екінші және бірінші хатшысы лауазымында қызмет атқарып, 1960-1983 жылдары: түрлі-түсті металлургия Басқарамасында бас маман, ҚазКСР-ның металлургиялық Министрлігіндегі металлургиялық бөлімнің бастығы, түсті металлургия Министрлігінің Бас басқармасының бастығының орынбасары лауазымдарында қызмет жасады. Ысмағұлов 16 жыл қатарынан Балқаш қалалық Кеңесінің, бірнеше рет Қарағанды облысының облыстық Кеңесінің депутаты болып сайланды.
Ол ҚазКСР-нің Жоғары Кеңесінің Президиуымның, Түрлі-түсті металлургия Министрлігінің Құрмет грамоталарымен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және 10 шақты медальдарымен марапатталған. 1977 жылы оған «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген металлургі» атағы берілді.
Ысмағұлов Байғазы 2004 жылы өмірден озды.
Әдебиеттер тізімі:
1. Бейісқұлов, Т. Толғауы тоқсан тағдыр / Т.Бейісқұлов. – Алматы: Фараб, 2000. – 31-60 б.
2. Ақпарат айдынында (мақалалар мен очерктер). Қарағанды: Арко, 2007. – 51 б.