"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Тлеуғабылов Азамбай

Просмотров: 1940

     Тлеуғабылов Азамбай 1915 жылы Жамшы өзенінің бойындағы   Жамшы ауылында дүниеге келген. Ол Балқаш көлінің маңайындағы жазық далада салынып жатқан мыс балқыту зауыты туралы көптен естіп, осы зауыттың құрылысына баруды армандап, 1934 жылы наурыз айында Балқаш қаласына көшіп келеді.
     Алғашқы кезде ол «Союзводстройға» жұмысшы болып орналасып,біраз уақыт өткен соң металлургиялық зауытқа мыс балқытушының оқушысы болып ауысады. Тлеуғабылов Азамбай бұл мамандықты аз уақыт ішінде   игеру үшін, өз біліктілігін жетілдіріп, аянбай жұмыс істей бастайды. 1936 жылы оны практикалық оқудан өту  үшін Красноуральский мыс қорыту зауытына іссапарға жібереді. Практиканы аяқтаған соң,  Азамбай Тлеуғабылов білікті балқытушы болып, өзіне берілген жұмыс нормасын  артығымен 150 пайызға дейін орындап отырған. Осы жылы оны қайтадан алдыңғы қатарлы металлургтердің бірі ретінде,Ташкент қаласындағы  ИТҚ-дің біліктілігін көтеретін  алты айлық оқуға жібереді. Ол Балқаш мыс қорыту зауытында жұмыс істеген 36 жыл ішінде, көптеген табыстарға жетті. Зауыттың шарпу бөлімінде істей жүріп, ол шихтаны балқыту бойынша жоспарды жүйелі түрде артығымен орындап, алдан көрініп жүрді. 
     Тлеуғабылов Азамбайдың   есімі 1938 жылғы 24 қарашада  алғашқы Балқаш мысын өндіруге қатысушылардың бірі ретінде  Балқаш қаласының тарихында мәңгі сақталған.  Ол «Ерен еңбегі үшін», «Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медальдарымен және Ленин орденімен(1961ж.) марапатталып, ҚазКСР-ның Құрметті металлургі атағына ие болған. 
     Тлеуғабылов Азамбай 1982 жылы өмірден озды.
 
Әдебиеттер тізімі:
 

Дата редактирования: 04 Қазан 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика