"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Бегалиева Мәдина Қожбанқызы

Просмотров: 1718

     Бегалиева Мәдина Қожбанқызы 1899 жылы  19 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында  өмірге келген.  Ол инженер-металлург, техникалық ғылымдардың кандидаты, қоғам қайраткері болған.

     М.Бегалиева  Хан Ордасындағы (қазіргі Орда)   үш жылдық  педагогикалық  курсты, кеңестік-партия мектебін, Бүкілодақтық өндірістік академияны бітірген. Бөкей, Орал губерниялары мен Сырдария аймағында әйелдермен жұмыс жөніндегі  бөлімнің меңгерушісі,Аймақтық өндіріс Одағының төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

    1935 – 1943 жылдар аралығында Балқаш мыс қорыту зауытында ауысым шебері және инженер-металлург болып жұмыс істеген. Содан кейін Гурьев  (Атырау)  облыстық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан КП ОК-де нұсқаушы, сонымен бірге  ҚазКСР –ның мемлекеттік бақылау ұйымдарында қызмет жасап, 1949 жылы зейнеткерлікке шыққан.

       М.Бегалиева ерен еңбегі үшін орденмен және бірнеше медальдармен марапатталған.

       Бегалиева Мәдина Қожбанқызы 1974 жылы қайтыс болды. 

Әдебиеттер тізімі:

1. Сардарбекова, К. Алғашқы мысшылар // Балқаш өңірі.

2. Қазақ Совет Энциклопедиясының Бас редакциясы, Алматы қаласы,1973. - 2том. – 226 б.

3. Тарих деректерінен // Балқаш өңірі. – 1992. – 24 қараша(№140). – 2б.

4. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1999. – 2 том. – 229 б.

5. Сардарбекова, К. Әкелер жүріп өткен жол / К.Сардарбекова // Балқаш өңірі. -–2000. – 5 мамыр(№36). – 7б.

6. Кәукербек,С. Металлург-профессия мужская  // С Кәукербек  // Северное Прибалхашье - 2018 -11 июля (№ 60) - С. 4

7. Қожақов,Д . Қазақтың тұңғыш инженер қызы / Д.Қожақов // Пульс. 2019.- (№14). - С. 5


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика