"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Үйде жалғыз қалғанда, Сіз ...?

Тепляков Аркадий Алексеевич

Просмотров: 6

      Тепляков Аркадий Алексеевич 1922 жылдың 6 наурызында Новосибирск облысы., Коченево бекетінде темір жолшылар отбасында дүниеге келген.

      1930 жылы Чулим орта мектебіне оқуға түседі. 1938 жылы әкесін тұтқынға алынуына байланысты, оқуын тастап Чулим орман шаруашылығында бухгалтердің  көмекшісі болып жұмыс істейді.

      1939 жылдан 1940 жылдар аралығында Барабинск қаласында ФЗУ-де темір жонушы мамандығы бойынша оқу оқыды.  Училищені бітірген соң, училищенің  бөлуі  бойынша Бертіс бекетіндегі вагон жөндеу шеберханасына  4 разрядты темір жонушы болып жіберіледі.

      1941 жылдың қазан айынан 1942 жылдың тамыз айы аралықтарында  А. Тепляков Ұлы Отан Соғысына қатысады. Соғыс барысында қатты жарақат алып, ұзақ мерзімді емделуден кейін  II  топтағы мүгедек ретінде әскер қатарынан шығарылады. Аркадий Алексеевич Тепляков жауынгерлік еңбектері үшін ІІ дәрежелі  Ұлы Отан соғысы және көптеген медальдармен марапатталды.

      1943 жылдан 1986 жыл аралығында Аркадий Алексеевич Балқаш тау-кен комбинатында өз еңбек жолын жалғастырады, соның ішіндегі 25 жылы жөндеу-механикалық базасында болды.  1951 жылы  ол өндірістен қол үзбей  Балқаш кен-металлургия техникумына оқуға түсіп оны үздік дипломмен бітіреді.

      65 жасында ЖМБ-ның  бастығы лауазымымен зейнетке шығады. Зейнеткерлік демалыста бола тұра 1991 жылға дейін комбинаттың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді.

      Еңбектегі жетістіктері үшін «Түсті металлургия үздігі» атағына ие болған, «Қазан ревлюциясы», «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

      А. Тепляков он жыл ішінде  қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып,  комбинатта партком , қалалық партия комитетінің хатшысы қызметтерін істеп, бірнеше рет  қалалық  халық депутаттар  Кеңесінің мүшесі болып сайланған.

      2007 жылдың 4 сәуірінде Аркадий Алексеевич Тепляковқа Балқаш қалалық маслихатының шешімімен «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

      Аркадий Алексеевич Тепляков 2011 жылы қайтыс болды.

Пайдаланылған құжат:   Балқаш қаласының мемлекеттік мұрағатының Ф. 262. ОП. 1.Д.200.Л.116. құжаты.

Әдебиеттер тізімі:

 


Дата редактирования: 01 Желтоқсан 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика