"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Үйде жалғыз қалғанда, Сіз ...?

Кенбаев Рахман

Просмотров: 11

 

         Рахман Кенбаев  1922 жылы 5 мамыр күні  Ақтоғай ауданында, шаруаның  отбасында дүниеге келді.

      Рахман Кенбаев 16 жасқа келген кезде жұмысқа ораналасады. Соғыс басталып, Отанын қорғау үшін 1941 жылы желтоқсанда соғысқа аттанды. Рахман соғысқа кетіп бара жатқанда туған өлкесі Балқашпен қоштасу соншалықты ұзақ болатынын сезбеді. Алғашқыда сержант-старшиналар дайындайтын мектепте  оқыса, ал 1942 жылдың көктемінде майданның алғы шебінде болды.

     Қазіргі таңда Рахманның өзі тірі болмасада, оның майданда қалай соғысқандығы жайлы сұрапыл соғыс  жылдардығы газет беттерінен білуге болады. Ол  «Ерлігі үшін", "Будапешті алғаны үшін", "Венаны алғаны үшін"  жауынгерлік медалдарымен марапатталған.   

     1945 жылдың қаңтар айынан бастап КОПК мүшесі. Кандидаттық стаж 1944 жылдың қарашасынан басталған.   

      1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында неміс-фашист басқыншыларымен шайқаста  көрсеткен жауынгерлік ерлігі және Жеңістің 40 жылдығына байланысты Рахман Кенбаев 11 наурыз 1985 жылы КСРО Жоғарғы  Кеңесі  Төралқасының  Жарлығымен  II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды. Рахман Кенбаев өмірінің соңына дейін сол жауынгер қалпында қалды.

     Ол үшін соғыс 1949 жылы наурызда ғана аяқталды. Соғыстан кейін Р.К. Кенбаев қайтадан өзінің туған өлкесіне оралады. Әскерден келгеннен кейін оның барлық қызметі Балқаш қаласы мен БКМК-ын дамытуға байланысты болды. Еңбек жолын бастаған кезде, саяси жұмыстарда істегені ескеріліп, оны газет жұмысына жібереді.    Кейінірек ол қалалық аппараттың партия комитетінің, насихат және үгіт бөліміне  нұсқаушы болып ауыстырылады. Ол жұмыс істей жүріп, оқу да оқыды. Кешкі  мектепте оқып, кейін сырттай жоғары партия мектебінде оқып бітіреді.

      Ол партиялық ұйымның хатшысы болған кезінде, Гүлшат кентінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Рахман Кенбаев алғыр ойлы кісі болған. Ол әлеуметтік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлді: профилактория және медициналық-санитариялық бөлім, пионерлер  лагері, балалар бақшасы және спорт ғимараттарының салынуына көп күш жұмсаған. Қаланың әр аудандарында  жасөспірімдерге арналған аула клубтары болды. Сонымен бірге, ол Артек лагеріне ұқсас "Көк толқын"  – лагерін  құрудың бастамашысы  болды және ол  лагерді алғашқы күндерінен бастап өзінің жеке қамқорлығына алды.

    Р.Кенбаев 1968 – 1982 жылдар аралығында Кеңес Одағы металлургия өнеркәсібі жұмысшылары кәсіподақ ұйымының Орталық комитетінің  мүшесі  болды. Кеңес Одағы кәсіподақ ұйымының  ХIV , ХV , ХVI съездеріне делегат болып сайланды. "Құрмет Белгісі", "Еңбек Қызыл Ту" ордендерінің кавалері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің он бір медалімен,  Құрмет грамоталарымен марапатталған.

     БКМК кәсіподақ комитетін 20 жылдан астам басқарған, қалалық тәлімгерлер кеңесінің Төрағасы және бірнеше рет халық депутаттағына сайланған, орыны ерекше депутат болды.

     Ол сонымен бірге,  сөзге бай  -  шешен,  қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген,  тек түсінікті және сендіре сөйлеп қана қоймай, ол әңгіме айтқан адамды да тыңдай білетін. Комбинаттағы көптеген адамдар Рахман Кенбаевты әлі күнге дейін жылы лебізбен еске алады.

   Р.К. Кенбаевтың  Балқаш қаласының мыс алыбына  қосқан үлкен  үлесі мен кәсіподақ салаысндағы ерен еңбектері үшін, 1986 жылы «Кәсіподақ комитетінің Үздік төрағасы» атағы беріліп, 1995 жылдың 20 шілдесінде БКМК сауықтыру орталығына Рахман Кенбаев аты берілді.

Әдебиеттер тізімі:

1. Мұсаханов, Ш. Ардақты ағаның әруағын сыйлай білейік  // Балқаш өңірі. – 1994. – 20 қыркүйек.

2. Есімі берілді // Балқаш өңірі. – 1995. – наурыз.

3. Максұтұлы, Қ. Мемориалдық тақта орнатылды  // Балқаш өңірі. – 1995. – 24 маусым.

4. Тұқбаев, Б. Жағалаудағы жұмақ // Балқаш өңірі. – 2000. – 13 маусым.

5. Балқаш. Тарих беттері. Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 213-214 б.

6. Башар, Ж. Ақпарат айдынында / Башар Ж. Қарағанды: Арко,2007. - 17-20 б.

7. Башарұлы, Ж. Қалам менің Балқашым – мыс шаһары  // Балқаш өңірі. – 2007. – 11 сәуір.

8. Кенбаев, Р. Жәкен // Балқаш өңірі.

 

 


Дата редактирования: 02 Желтоқсан 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика