"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Әлімжанов Әубәкір

Просмотров: 2341

 

       Әубәкір Әлімжанов қарапайым,шаруа әулетінде дүниеге келді. Ол 30-шы жылдардың  басында, Балқаш көлінің жағасында салына бастаған, алып  Прибалхашстрой  құрылысына жұмыс істеуге келеді. Алғашқы кезде, Әубәкір Әлімжанов тас карьеріне қара жұмысшы болып орналасып, содан кейін тәжірибелі байыту фабрикасында жұмысқа кіреді. Әубәкір Әлімжанов өзінің белсенділігінің арқасында басқа жұмысшылармен бірге жұмысшылар факультетінде оқиды, ал 1936 жылы оны Красноуральск қаласына флотаторлар дайындайтын  курсқа оқуға жібереді.  
       40-шы жылдардың басында Ә.Әлімжанов өз мамандығын жете меңгеріп, ауысым шеберлігіне дейін көтеріледі. Қазақ жұмысшыларының арасындағы ең белсенді және саяси сауатты мамандардың бірі ретінде, оны 1937 жылы қалалық кеңес Президиумының мүшесі етіп сайлайды. Ә.Әлімжановтың Прибалхашстрой құрылысында алғашқы жұмыс істеген кезеңдері,өндіріспен байланыстыра оқитын үздіксіз оқу жылдары десе де болады. Ол өз  сауатсыздығын жойып, орыс тілін үйренуге, өзі істеген мамандықты жетік меңгеруге бар күшін салып, өзінің жанында жұмыс жасайтын кадрлық жұмыскерлер секілді мықты маман болғысы келді.
    Соғыс басталып көптеген мамандар майданға аттанғанда, Ә.Әлімжанов ауысым бастығы болып тағайындалады. Ол осы қызметінде  1948 жылға дейін жұмыс жасайды. Социалистік Еңбек Ерлері Нина Григорьевна Чекушина, Бейісов Жылқыбай Бейісұлының  еңбек жолдары  Ә. Әлімжановтың ауысымында жұмыс істеуден басталған.  Нина Григорьевна ауысым бастығы Әлімжановты   ұқыпты, мейірімді, қатал, көңілді, еңбек сүйгіш болған  еді, -  деп еске алады. 1946 жылы Ә.Әлімжанов  КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ә.Әлімжановты білетін барлық адамдар оны шебер және талантты ұйымдастырушы, ашық мінезді адам, әрі жұмыстағы кәсіби дайындығы үнемі жоғары болатын деп еске алады.  
       1948 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін, Ә.Әлімжанов сусыз ылғалдандыру  цехында бастық  болып істеді.  Ол  Бектауата шатқалында «Балқаш»  демалу  орталығын және қосалқы шаруашылық орнын салды, мұндай орталықтар сол кезге дейін, сол кезден кейін де болмаған. Ондағы ірі қаралар, үйір - үйір жылқылар, отар қойлар толығымен дерлік қала еңбеккерлерінің өзін-өзі қамтамасыз етулеріне мүмкіндік берді.
     1969 жылы Әубәкір Әлімжанов өмірден өтті. Ә.Әлімжановтың ел адындағы еңбегі еленіп, оның аты қаламыздың  бір көшесіне берілді. Жыл сайын металлургтердің  кәсіби мерекесінде БКМК-ның ең үздік маманына Әубәкір Әлімжанов атындағы құрметті жүлде табысталады. 

Әдебиеттер тізімі:

1. Ақпарат айдынында. Қарағанды: «Арко»,2007. – 17-20 б.
2. Балқаш. Тарих беттері. «Арко және К» ЖШС,2007. – 30,114-115,209 б.
3. Әбілқайырқызы, А. Кенді өлкенің тынысы. Алматы: Нұр-Принт-75, 2011. – 187-188 б.
4. Зейнетуллақызы,Д. Есімі қала тарихында / Д.Зейнетуллақызы // Балқаш өңірі. – 2018. – 19 қазан(№92). – 8 б.


 


Дата редактирования: 04 Қазан 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика