"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Үйде жалғыз қалғанда, Сіз ...?

Хафизов Ермек Батырқайырұлы

Просмотров: 2


 

     Ермек Батырқайырұлы Хафизов  қаламыздағы танымал  азаматтардың бірі.  Ол 1981 жылы Мәскеудегі  құрыш қорыту институтын аяқтап, жолдамамен Балқаш қаласына келді.

     Ермек  Батырқайырұлы еңбек жолын  мыс қақтаушы жұмысынан бастап, зауыт директоры лауазымына дейін көтерілді.

    Ол 26 жасында 1986-88 жылдары зауыт партия ұйымының хатшысы болып сайланды. 1988-90 жылдары Жезқазған облысының партия комитетінің мүшесі болды. 1995 жылы Ермек Батырқайырұлы жасөспірім жеткіншектерді оқыту-тәрбиелеу жұмыстарына қосқан үлесі үшін “Қазақстан Республикасының білім беру озаты” белгісімен марапатталды.

     Ол бос уақытында шет тілін оқып үйренді. Хафизов ағылшын, француз тілдерінде еркін сөйлейді. Жыл өткен сайын оның іскерлік, ұйымдастырушылық қабілеті анық көрінді. Қай учаскеде істесе де, өндірістік көрсеткіштері жоғары деңгейде болды. Бас инженердің орынбасары қызметінде жүріп зауыт өнімдерін шығару жолын озық технологиямен қамтамасыз етті. Ол вайербарс цехын қайта құруды ойдағыдай өткізді.

    1996-97 жылы Е.Хафизовтың басқаруымен Австрия “Маг” фирмасының жабдықтары пайдаланылып, эмальсым шығаратын цех салынды. 

     Республикалық ұлттық банк ЖАҚ-ның тапсырысы бойынша теңгеге қажетті  арнайы металл өндіру тендерін жеңіп алды. Е.Хафизов батыс бизнесмендерімен тәжірибе алмасып отырды. Неміс, француз, чех мамандарымен бірігіп үлкен жұмыс атқарды.

    Е. Батырқайырұлының көп еңбек етуінің арқасында 1998 жылы түсті металл өңдеу зауыты “Эртсмейкер” атағына ие болды.

     2000  жылы 19 қаңтарда Балқаш қалалық мәслихатының шешімі бойынша Е.Б.Хафизовке “Балқаш қаласының құрметті азаматы” атағы берілді.

Әдебиеттер тізімі:

1. Оразымбетов, М. Планета келбетін анықтаған адам // Балқаш өңірі. – 1999. – 25 май. - №34.

2. Қабиева, Қ. 60 жыл – асқар белес // Сырлас. -2002. – 1 наурыз. - №9.

3. Айтжанұлы, Қ. Нарық талабы – бәсекеге жарамды өнім // Балқаш өңірі. – 2004. – 19 мамыр.

4. Балқаш. Тарих беттері. Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 199-200.202 б.


Дата редактирования: 28 Қараша 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика