"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Чекушина Нина Григорьевна

Просмотров: 1353

 

 

     Чекушина Нина Григорьевна 1928 жылы 25 шілде күні Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бурылбайтал ауылында дүниеге келген. Соғыстың ауыр жылдарында, ол үйде отырмай 13 жасынан бастап, еңбекке араласа бастайды.

     Нина Григорьевна Балкаш каласында 7 сыныпты аяқтап, одан әрі Балқаш мыс комбинатына мамандар даярлайтын № 5 кәсіптік училищеге окуға түседі. Ол 1945 жылы оқуын аяқтап, байытушы мамандығын алып шығып, комбинаттың мыс байыту фабрикасына флотатор болып орналасады. 

      Нина Григорьевна Чекушина — 1945-1979 жылдар аралығында мыс байыту фабрикасының аға флотаторы болып 28 жыл тер төгіп, сол ерен еңбегінің арқасында Социалистік Еңбек Ері атағын алған, белгілі жан. 

     1973 жылы 23 желтоқсанда Жоғары Кеңесі Президиумының Бұйрығымен еңбегі бағаланып социалистік міндеттерді аткарудағы жоғары жетістіктері үшін аға флотатор Н. Г. Чекушинаға Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталады.

      1973 жылы Н.Чекушина Социалистік Еңбек Ері Нина Чекушина КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

        Н. Чекушина осы еңбек орнынан 1979 жылы 28 сәуірде құрметті демалыска шығады.

     Нина Григорьевна ұзақ уақыт қалалық, облыстық және Жоғарғы Кеңес депутаты болып, коғамдык-саяси істерге белсенді араласа жүріп, Польша, Монғолияға да сапар шегеді. Байыту фабрикасындағы әйелдер кеңесіне бірнеше жыл төрағалық етеді. Мысшылар сарайы жанындағы “Росинка” әйелдер клубына жиырма жылдай жетекші болған кезінде, Нина Григорьевна пионер лагерьлерін, балабакшаларды аралауға уақыты мен күш-қуатын аямады.

     2000 жылы 28 қыркүйекте Н.Г. Чекушинаға Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен “Балқаш қаласының кұрметті азаматы” атағы берілді.

      2016 жылдың тамыз айында 89 жасқа қараған шағында  Н.Г. Чекушина өмірден озды.

Әдебиеттер тізімі:

1. Башарұлы, Ж. Қалам менің Балқашым – мыс шаһары  // Балқаш өңірі. – 2007. – 11 сәуір.

2. Кендірбаева, А. Ақпарат айдынында  / Кендірбаева А. Қарағанды: Арко, 2007. – 121-124 б.

3. Балқаш. Тарих беттері. Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 198,199,203 б.

4. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары. Балқаш, 2007. – 49-52 б.

5. Чекушина Нина Григорьевна: қазанама // Балқаш өңірі. – 2016. – 3 тамыз(№85). – 6 б.


Дата редактирования: 20 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика