Байқуатов Дүйсенғали Ыбырайханұлы 1955 жылы 18 желтоқсанда қазіргі Шығыс Қазақстан облысының, Үржар ауданында дүниеге келді.
1972 жылы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепті бітіріп, 1972-74 жылдары комсомол-жастар бригадасында еңбек жолын бастады. 1974-76 жылдары Совет армиясы қатарында болып, Ленинград әскери округінің сержанттар мектебін бітіріп, старшина шенінде әскери міндетін өтеп кайтты. 1977 жылы Алматы каласындағы Қазак политехникалық институтының металлургия факультетіне түсіп, 1982 жылы осы аталған институтты инженер- металлург мамаңдығы бойынша бітіріп шықты.
Институтты бітіргеннен кейінгі еңбек жолы 1982 жылдан 1997 жылға дейін Жезказғанда конвертордың жұмыскерлігінен басталып, мыс зауытының баскарушылығы аралығында өтті. Ол сол зауыттың цехтарында әр түрлі қызмет атқарды: мастер, телім, бөлімше бастығы, бас металлург те болды. Барлык кызметке үлкен жауапкершілікпен карап, іскерлік көрсетті.
1997 жылы ол Балкаш кен-металлургия комбинаты мыс зауытының директоры болып тағайындалды. Онан кейін Балкаш кен-металлургия комбинаты директорының бірінші орынбасары қызметтерін аткарды.
1999 жылы ол Балкаш каласы мәслихатының депутаты болып сайланды.
2003 жылдың қыркүйек айынан бастап, Дүйсенғали Ыбырайханұлы “Балкаштүстіметалл” ӨБ Балқаш мыс зауытының директоры кызметінде істеді.
Ол БКМК-да директор болып тұрған кезде 2003 жылы бүрын салына бастаған мырыш зауыты іске косылды. Сол сиякты эмаль сымдары, тас кесіп, өңдейтін цехтар іске қосылды. Мыс балқыту цехындағы электрофильтр бөлімшесі де жаңартылды. “Сарыарқа” демалыс орны тұракты жұмыс істейтін болды. “Жас қанат” балаларды сауыктыру лагері қайта жабдықталды. Осы айтылғандар Дүйсенғали Ыбырайханұлынын үлкен өндіріс орнын баскара алатын маман, іскер басшы екендігінің айғағы.
2003-2004 жылдары Д.Байқуатов ПВ-2 пешінің жобалау-сметалық құжаттарын жасауға жетекші болды. “Сұйық ваннада мыс шикізаттарын борат рудасын пайдаланып балкыту технологиясын зерттеу және өндірістік игеру” такырыбында ғылыми диссертация қорғады. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Жоғарғы аттестациялық комитетінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі шешімімен (№ 5 хаттама) Байқуатов Дүйсенғали Ыбырайханұлына техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
2001 жылы Балқаш өңіріндегі Токырауын елді мекенінде болған бомба жарылысының салдарын жоюға қатысқаны үшін, оған Қорғаныс министрінің жарлығымен кезексіз түрде полковник атағы берілді.
2001 жылы Д. Ы. Байкуатов “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінін 10 жылдығына арналған” медальмен марапатталды.
2001 жылы 13 желтоқсанда Д.Ы. Байқуатовқа Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен “Балқаш каласынын кұрметті азаматы” деген атақ берілді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Байқуатов, Д. Өндірісті өрге бастыру өмір талабы // Балқаш өңірі. – 2000. – 3 наурыз. - №18.
2. Байқуатов, Д. Құттықтау // Балқаш өңірі. – 2001. – 13 шілде. - №54.
3. Драчева, Е. Күнде естігенмен, бір көрген ләзім // Балқаш өңірі. – 2001. – 8 тамыз. - №62.
4. Байқуатов, Д. Жылдың басты оқиғасы // Балқаш өңірі. – 2002. – 24 шілде.
5. Жүнісұлы, О. Балқаш мысы: бүгін және ертең // Орталық Қазақстан. – 2004. – 11 шілде.
6. Несіпбай, А. Балқаш жұлдызы жарқыраған // Егеменді Қазақстан. – 2005. – 13 желтоқсан.
7. Жүнісұлы, О. Мені есіңе ала жүр / Жүнісұлы О. Қарағанды: Қарағанды Полиграфиясы,2005. – 8-10 б.
8. Балқаш. Тарих беттері. Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС,2007. – 199-203 б.
9. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары / Мұстафин С. Балқаш,2007. – 22-26 б.