"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Үйде жалғыз қалғанда, Сіз ...?

Сәрсембаев Оспанияр Жексембекович

Просмотров: 8

     Сәрсембаев Оспанияр Жексембекович  1937 жылы 20 ақпан күні Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келген. Оның балалық пен жастық шағы Балқаш қаласында өтіп, ол Абай атындағы №2 қазақ орта мектебін бітіреді. 1958 жылы  Балқаш тау-кен металлургиялық техникумын, 1966 жылы Қарағанды политехникалық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітіреді.
     1958 жылы жас маман өзінің еңбек жолын БКМК –ның құрылыс нысандарында құрылыс шебері, прораб, аға прораб болып бастап, «Прибалхашстрой» тресінің СУ-2 «Жилстрой» телімінде бас инженер, трест басшысының материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі орынбасары, «Балқашқұрылыс» АҚ –да әлеуметтік сұрақтар жөніндегі вице-президент  қызметтерін атқарған.   
   Осы уақыт ішінде Оспанияр Жексембекович тұрғын үй құрылысына, әлеуметтік-мәдени бағыттағы ғимараттар, сонымен бірге ет комбинаты, сүт зауыты, Балқаш телеорталығы, аэровокзал  нысандарын салуға қатысты.
     Оспанияр Жексембекович 10 жыл бойы «Прибалхашстрой» тресінің біріккен кәсіподақ комитетін басқарды. Ол трест жұмысшыларының   талап-тілектеріне жиі көңіл бөліп, олардың тұрмыс жағдайының көтерілуіне мүмкіндік туғызып отырды. Республика бойынша бірінші ашылған өз стадионы, спорт залы мен саунасы бар «Строитель» деп аталатын спорттық сауықтыру кешенінің салынуына да көп күш салды. Сонымен бірге, Оспанияр Жексембекович трестің жұмысшыларының өз демалыстарын дұрыс өткізуіне де мән беріп отырды.  Яхт-клуб, пионер лагерьлері салынып, «Строитель»  құрылысшылар Сарайында  мектеп жасындағы оқушыларға арналған әр түрлі үйірмелер жұмыс істеді.  
   Оспанияр Жексембекович 1976 жылдан бастап халық депутаттары Балқаш қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Балқаш қалалық әкімдігінің төрағасының бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарып, халық депутаттары  Балқаш қалалық Кеңесіне бірнеше рет депутат болып сайланды. Құрылысшылардың облыстық кәсіподақ комитетінің мүшесі болды.
     1997 жылы зейнеткерлікке шыққанннан кейін де Балқаш қаласы әкімдігінің құрылыс және сәулет жөніндегі жұмыстары бойынша бас маман,  «Негіз» ЖШС-де  атқарушы директор және де басқа қызметтер атқарды.    Оспанияр Жексембекович Балқаш қаласының   еңбек ардагерлері Кеңесінің мүшесі. Сонымен бірге,  2008 жылы «Алаш азаматтары»  атты қалалық бірлестікті құруға ат салысып, «Алаш азаматтары» кітабын жазды.
   Қазіргі уақытта Оспанияр Жексембекович отбасылық  бизнеспен –көкөністерді жылыжайда өсірумен айналысады.
     Сәрсембаев  Оспанияр Жексембекович  өзінің көп жылғы еңбегі үшін «Бесжылдықтың тапсырмаларын орындауда жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін» (1963 ж.), «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл» мерейтойлық және «Еңбек ардагері» медальдарымен, ҚазКСР және КСРО Жоғары Кеңесінің,  сонымен бірге  облыстық және қалалық деңгейдегі Құрмет  грамоталарымен марапатталған.  

 Әдебиеттер  тізімі:

1. Әбдірбайқызы, К. Ақ тілек / К.Әбдірбайқызы // Балқаш өңірі. – 2007. – 23 ақпан(№39). – 3 б.
2. Башар, Ж. Алаштың азаматы / Ж. Башар // Балқаш өңірі. – 2007. – 23 ақпан(№39). – 3 б.
3. Кендірбаева, А. Қарттар құрметке лайық / А.Кендірбаева // Балқаш өңірі. – 2007. – 3 қазан(№80). – 2 б.
4. Сәрсембаев, О. Алаш-азаттықтың ұраны / О.Сәрсембаев // Балқаш өңірі. – 2009. – 13 наурыз(№30-31). – 3 б.
5. Сержанқызы, Г. Саналы ғұмырын Балқашқа арнаған / Г.Сержанқызы // Балқаш өңірі. – 2017. – 12 сәуір(№40). – 4 б.

 


Дата редактирования: 02 Желтоқсан 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика