"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Язев Василий Иванович

Просмотров: 2122


 

       Василий Иванович Язев 1913 жылы Мәскеу облысы маңындағы Павлово-Пасадский аумағының Курово ауылында дүниеге келген. 1934 жылы Мəскеу қаласындағы Лениндік индустриялық  техникумды бітірген.
      1934 жылы техникумды аяқтаған соң Василий Язев комсомолдың жіберуімен Балқаш қаласына келеді. «Балқашқұрылыс» тресінің прорабы, өнеркəсіп телімінің бастығы, құрылыс басқармасының бастығы, трест басқарушысы қызметтерін атқарған.
        1935 – 1942 жылдары аралығында В.И. Язев аға прораб болып жұмыс істейді, содан кейін Ақшатау вольфрам-молибден комбинаты құрылысының өнеркәсіптік учаскесінің тресін  басқарады. 1947 жылдан бастап 1948 жылға дейін трест құрылыс басқармасының бастығы лауазымында қызмет жасайды, 1948 жылдың маусым айынан 1959 жылдың желтоқсан айына дейін «Балқашқұрылыс» тресін басқарушы болды.
      В.И Язевтің ұйымдастырушылық қабілеттері, «Балқашқұрылыс» тресін басқару лауазымында жүрген жылдары дамыды.
       1958 жылы  В.И.Язевке  Балқаш қаласындағы құрылыс саласының, тау-кен металлургия комбинатының дамуына қосқан үлесі үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. В.Язев  КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көптеген ордендер мен медальдардың иегері атағына ие болған.
       Балқаш қаласының алғашқы құрылысшылары, қаланы салу кезінде қол таңбасын  ерекше қалдырған адам ретінде, В.И.Язевтің атын қала көшелерінің біріне беруді ұсынды. Ономастикалық комиссия мүшелері, содан кейін қалалық мәслихаттың депутаттары бұл бастаманы  бірауыздан қолдады. Осылайша Балқаш қаласының картасында Язев көшесі пайда болды.
    В.И. Язев 1959 жылғы желтоқсан айынан бастап Қарағанды облыстық халық депутаттары Кеңесінің төрағасының орынбасары болып тағайындалады. В.Язев 1959-1979 жж. аралығында Қарағанды облыстық халық депутаттары Кеңесі комитетінің төрағасының орынбасары, 1979 – 1980 жылдары  Қарағанды жиһаз бірлестігінің бас директоры болып, қызмет жасады.
        Василий Ивановия 1999 жылы өмірден өтті. В.И. Язев өмір сүрген үйдің қабырғасында (Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 26) 2003 жылы мемориалды тақта ілінді. Шахтерлер даңғылының бір бөлігіне Қарағанды қаласының құрметті азаматы В.И.Язевтың аты берілді.

Әдебиеттер тізімі:

1. Башарұлы, Ж. Қалам менің Балқашым – мыс шаһары // Балқаш өңірі. – 2007. – 11 сәуір.
2. Балқаш. Тарих беттері. Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 63,198,210 б.


Дата редактирования: 04 Қазан 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика