Зюзюкин Олег Анатольевич 1940 жылы Чита облысында туып,
1947 жылы Талдықорған қала көшіп келеді. 1948-57 жылдар аралығында орта мектепге білім алған соң комсомолдық тың көтеру қозғалысына үн қосып, Павлодар облысына барды. Онда Павлодар мен Омбы қалаларының арасына салынып жатқан жол құрылысыңда 1959 жылға дейін жұмыс істеп, “Тың жерді игергені үшін” медалімен марапатталды.
Олег Анатольевичтің бұдан кейінгі өмір жолы Балкаш қаласымен тығыз байланысты. Ол осыңдағы тау-кен техникумына оқуға түседі. Құрылысшы мамандығы бойынша дайындайтын факультет Жезқазған қаласына ауысқандықтан, электромеханик факультетіне ауысады. 1961 жылы техникумды бітірген соң Қарағанды политехникалық институтына құрылысшы-инженер факультетіне сырттай оқуға түседі.
1961 жылдың мамыр айынан бастап 1962 жылдын қыркүйегіне дейін Балқаш мыс зауытының теміржол цехында электрик болып қызмет істеді. Онан кейін 3 жыл Кеңес Армиясы қатарында әскери міндетін атқарып келеді. 1966-67 жылдары БКМК құрылыс-жабдықтау баскармасында ағаш шебері, бригадир болған.
1974 жылы комбинаттың күрделі кұрылыс басқармасына шакырылып, онда түрлі инженерлік кызметтер атқарып, күрделі кұрылыс бөлімін басқарады. 1994 жылы О. А. Зюзюкин кұрылыс бірлестігінің директоры болып, ал 1997 жылдан бастап комбинаттың жөндеу-кұрылыс кешенінің директоры болып тағайындалды.
О. А. Зюзюкин БКМК-ның, қаланың құрылысына, олардың өркендеуіне үлкен үлес косты. 0. А. Зюзюкиннің атқарған үлкен де сапалы еңбектері бағаланбай қалған жоқ. Ол “Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 10 жыл” медалімен, бірнеше Құрмет грамоталар және Алғыс хаттармен марапатталды.,
2002 жылы 20 қарашада О.А.Зюзюкинге Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен “Балқаш қаласының кұрметті азаматы” атағы берілді.
Зюзюкин Олег Анатольевич 2021 жылы 9 ақпанда өмірден өтті.
Әдебиеттер тізімі:
1. Әліпбергенов, М. Қажет болса, саясатты да жоғары сатыға қоя аламыз // Мысты өңір. – 2003. – 24 қараша.
2. Балқаш. Тарих беттері. Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 199-200,203 б.