"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Данильченко Мария Васильевна

Просмотров: 1217

      Данильченко Мария Васильевна Балқаш қаласына  50-ші жылдары комсомолдық жолдамамен келген.
     Өзінің жарты ғасырға жуық еңбек жолында Мария Васильевнаның іскер қолының ізі көрінеді. Еңбек жолын сылақшылықтан бастап, кейінде бригадир болған ол, Балқаштағы барлық мектептер, балабақшалар, “Құрылысшылар” мәдениет сарайын салуға көп еңбек сіңірген жан. М.Данильченконың қатысуымен Алматыдағы “Үш батыр” деп аталатын зәулім үй, Жезқазғандағы 26-шы тұрғын үй орамы, Жәйремде, Ақтоғайда, Бидайықта, Ағадырда, тағы басқа Балқаш өңірінің көптеген елді мекендерінде күрделі құрылыстар салынды.
     “Прибалхашстрой” тресіне тапсырылған ең жауапты құрылыстардың барлығы М.В.Данильченко басқаратын сылақшылар бригадасының күшімен жүргізілді. Осындай үлкен сенімге ие болудың өзі Мария Васильевнаның іскерлігін, жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті.
    Данильченко Мария Васильевна Қазақстан Коммунистік партиясының съезіне делегат, 1957-67 жылдар аралығында еңбекшілер депутаттарыньң қалалық Кеңесіне депутат болды
     1966 жылы “Құрмет белгісі”, 1971 жылы Ленин орденімен марапатталып, 1976 жылы КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығыньң Лауреаты болды. Оған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1981 жылғы б тамыздағы Жарлығы бойынша “Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы” деген құрметті атақ берілді.
     1993 жылы 13 қаңтарда Балқаш қаласының әкімінің шешімімен Мария Васильевна Данильченкоға “Балқаш қаласының құрметті азаматы” атағы берілді.

Әдебиеттер тізімі:

1. Айтжанұлы, Қ. Сағыныш сазына толы кеш // Балқаш өңірі. – 2007. – 11 сәуір.
2. Балқаш. Тарих беттері. Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 199-200,201 б.
3. Кенежанов, Қ. Майталман құрылысшы // Пульс. – 2011. – 8 сәуір(№14)-6б.
4. Жүнісұлы, О. Сен киелісің, Балқашым // Орталық Қазақстан.


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика