Тукбаева Людмила Мурзахметовна 1953 жылы 17 мамыр күні Балқаш қаласында туған. Л.Тукбаева институтты бітіргеннен кейін еңбек жолын № 4 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып бастайды. Содан кейін қалалық комсомол комитетінің екінші хатшысы, қалалық партия комитетінің нұсқаушысы, № 17 орта мектептің директоры, әкімшілік әкімінің орынбасары, халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі, қала әкімінің орынбасары қызметтерін атқарып, зейнеткерлікке шыққаннан кейін 2011-2015 жылдары Қазақмыс Корпорациясы «Балқаштүстімет» ӨБ-нің әкімшілігінің жетекшісі лауазымында жұмыс істеді. Қалалық мәслихаттың 5 шақырылымының депутаты болып сайланды.
Балқаш қалалық білім беру бөлімін басқарған кезде, Л.Тукбаева білім беру жүйесінің ұйымдарын дамытып оны сақтап қалды. Ол инновациялық мектептер: қалалық гимназияны, Абай атындағы № 2 мектеп-лицейді, № 7 мектеп-гимназияны құруға өз күшін салды. Қала мектептерінің 60 пайызына мемлекеттік тілде оқытуды негізге алған жаңа өзгерістер енгізіп, мемлекеттік тілде тәрбиелеп, оқытатын мектепке дейінгі мекемелерді ашты.
90-шы жылдары жайсыз отбасыларынан шыққан балалардың қаңғыбастыққа салынулары, қараусыз қалулары және жүйке қоздыратын заттарды пайдаланулары жиілеп, сондай мәселелі жағдайлар көп болды. Л.Тукбаеваның ұсынысы бойынша 1998 жылы қиын тәртіптегі балаларды тәрбиелеп, қадағалау үшін № 3 мектеп-интернат ашылды.
Сонымен бірге дарынды балалармен жұмыс істейтін қалалық бағдарламаны жүзеге асыруға да көп көңіл бөлінді. «Алтын бала» деп аталатын қалалық медаль бекітіліп, дарынды оқушылардың слеттары әр жылда өткізіліп отырды, инновациялық мектептерге көмек беру үшін, мектептерге Қарағанды және Қазақ мемлекеттік университеттерінің ғалымдары мен профессорлары тартылды.
Л.Тукбаева өсіп келе жатқан жас ұрпақтың қазақстандық патриотизм рухында және биік адамгершілік тұрғысында тәрбиеленулерін қатты қадағалап отырды. Мектептерде және мектептен тыс мекемелерде үйірмелер, спорттық секциялар жұмыс істеп, хор және вокалмен ән айту өнері, қолданбалы қол өнері және техникалық шығармашылық дамып, драма театрлары мен би ұжымдары жұмыс істеді. Оқу жылын бітіру қорытындысы болып жыл сайын театрландырылған салтанатты мерекелер «Ақ желкен», «Үміт жолы» өткізілді. Қаланың білім беру мекемелеріндегі эстетикалық тәрбие жөніндегі тәжірибені 1999 жылы ҚР білім беру Министрлігі қолдап, ол басқа мектептерге таратылды.
Л.Тукбаеваның барлық еңбек жолы халық қамына арналған. Қалалық атқару комитетінің төрағасының орынбасары, қала әкімшілігі әкімінің орынбасары, қала әкімінің орынбасары лауазымдарында, ол Балқаш қаласының әлеуметтік саласына жетекшілік жасап, білім беру, мәдениет,спорт және денсаулық сақтау сұрақтарын шешіп, олардың дамуына өз үлесін қосты.
Л.Тукбаева өзінің еңбектегі табыстары үшін «ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері» атағын алып, Ы.Алтынсарин атындағы және «Ерен еңбегі үшін», «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Конституциясына 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
Балқаш қалалық мәслихатының 2017 жыл 28 тамыздағы №13/106 шешімімен Тукбаева Людмила Мурзахметовнаға «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Саяжанқызы, М. Саяси кеңестің отырысы өтті / М.Саяжанқызы // Балқаш өңірі. – 2008. – 1 ақпан(№9). – 2 б.
2. Айтжанұлы, Қ. Тәрбие жұмыстарын жетілдіруге пәтуаласты / Қ.Айтжанұлы // Балқаш өңірі. – 2008. – 20 ақпан(№14). – 3 б.
3. Ермағанбетова, Г. Қала әкімі ардагерлермен кездесті / Г.Ермағанбетова // Балқаш өңірі. – 2008. – 27 ақпан(№16). – 1 б.
4. Саяжанқызы, М. Жеті сайын өтетін жәрмеңкенің тұсауы кесілді / М.Саяжанқызы // Балқаш өңірі. – 2010. – 9 сәуір(№45-46). – 1 б.
5. Тукбаева, Л Әйел – ана, жар және қайраткер / Л.Тукбаева // Балқаш өңірі. – 2009. – 6 наурыз(№38). – 2 б.
6. Тұрсынқызы, Г. Қалалық мәслихаттың XVIII сессиясынан ақпарат / Г.Тұрсынқызы // Балқаш өңірі. – 2009. – 27 наурыз(№35-36). – 1 б.
7. Жас мамандармен толықты // Балқаш өңірі. – 2010. – 9 сәуір(№45-46). – 1 б.
8. Базар, Ә. Кәсіпкерлікке нәзік жандылар қуатты / Ә.Базар // Балқаш өңірі. – 2010. – 16 сәуір(№48-49). – 1 б.
9. Ұлы Жеңіске дайындық қаралды // Балқаш өңірі. – 2010. – 28 сәуір(№53). – 2 б.
10. Сәденов, Қ. Батырға құрмет / Қ.Сәденов // Пульс. – 2010. – 7 мамыр(№19). – 2 б.
11. Батыр ардақталды // Балқаш өңірі. – 2010. – 14 мамыр(№59-60). – 2 б.
12. Мерекеге әзірлік талқыланды // Балқаш өңірі. – 13 тамыз(№97-98). – 1 б.
13. Қаулы // Балқаш өңірі. – 2010. – 18 тамыз(№99). – 1 б.
14. Кәрім, Н. Ата заңымыз – болашақ шамшырағы / Н.Кәрім // Балқаш өңірі. – 2010. – 3 қыркүйек(№105-106). – 1 б.
15. Базар, Н. Білім беру жүйесіне біліктілік қажет / Н.Базар // Балқаш өңірі. – 2010. – 3 қыркүйек(№105-106). – 4 б.
16. Кендірбаева, А. Ата Заң асқақтаған күн / А.Кендірбаева // Балқаш өңірі. – 2010. – 3 қыркүйек(№105-106). – 4 б.
17. Қажытай, А. Ата Заңға арналған салтанатты жиын / А.Қажытай // Балқаш өңірі. – 2012. – 5 қыркүйек(№95). – 1-2 б.
18. Тукбаева, Л. Дамудың бағыт-бағдары / Л.Тукбаева // Балқаш өңірі. – 2012. – 19 қыркүйек(№101). – 3 б.
19. Ержанқызы, А. Келелі мәселелер қаралды / А.Ержанқызы // Балқаш өңірі. – 2016. – 27 қаңтар(№9). – 1 б.
20. «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді // Балқаш өңірі. – 2017. – 30 тамыз(№97-98). – 1 б.