"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Ахметов Қасымхан Қаскенұлы

Просмотров: 2098

     Ахметов Қасымхан Қаскенұлы 1951 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Балқаш ауданы Құйған ауылында дүниеге келген.
     Өзінің еңбек жолын балық аулау шаруашылығымен шұғылданатын «Первый Балхашский» колхозында көлік жөндеуші слесарь болып бастады.
     Қасымхан Қаскенұлы 1974 жылы Алматы қаласындағы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітіріп, Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинатының Батыс кенішінде электр слесары болып жұмыс істейді. Ол жерде екі жылдан астам еңбек жасап, өзін жастардың көшбасшысы ретінде көрсете білген соң, 1976 жылы Қ.Ахметовты Жезқазған облысының Никольск қаласындағы қалалық комсомол  комитетінің ұйымдастыру бөліміне меңгеруші етіп тағайындайды.  
     Осыдан үш жыл өткен соң Ағадыр аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланып, осы жылдың соңына қарай   Жезқазған  облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы етіп сайланады.
     1986 жылы  Жезқазған облыстық партия комитетінің ұйымдастыру бөліміне меңгеруші болып ауыстырылады.  
     Қасымхан Қаскенұлы  1991-1994 жылдары  Жезқазған облысының Әкімшілігінде мемлекеттік мүлік жөніндегі Аймақтық комитеттің төрағасы болып істеді. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіндегі ұйымдастыру-басқару Басқармасына мемлекеттік инспектор болып тағайындалды. 1995 жылдан 1997 жылға дейін Алматы қаласының Алатау ауданын басқарды.
     1997 жылы Балқаш қаласының әкімі болып тағайындалады.  Қасымхан Қаскенұлы бұл лауазымда  2003 жылдың  маусым айына дейін істеді. 2003 пен 2007 жылдар аралығында «Балқаштүстімет» ӨБ-нің Бас директорының көпшілікпен жұмыс жөніндегі орынбасары, осы бірлестіктің Бас директорының энергетика жөніндегі кеңесшісі болып істеді. Өмірінің соңына дейін «Нұрдәулет» ТКМК  ЖШС-нің бас уәкілі болып жұмыс атқарды.
     Қасымхан Қаскенұлы бес медальмен, Қазақ КСР-ның Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, БЛКЖО ОК Құрмет белгісімен, БЛКЖО ОК-нің «Комсомолдағы белсенді жұмысы үшін» Белгісімен,  облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
     Ахметов Қасымхан Қаскенұлы  2009 жылы қайтыс болды.

Әдебиеттер тізімі:

1.Төкейбекова, А. Әкім жеңімпаз жастармен кездесті / А.Төкейбекова // Балқаш өңірі. – 1998. – 28 ақпан(№15). – 1б.
2. Жаппарұлы, Н. Тәуелсіздік – миллиондаған жандардың еркіндік жолындағы күресінің, төгілген қанының өтеуі / Н.Жаппарұлы // Балқаш өңірі. – 1998. – 22 желтоқсан(№101). – 3б.
3. Мақсұтұлы, Қ. Үкімет тапсырмалары бізде толық шешімін тапқан жоқ / Қ.Мақсұтұлы // Балқаш өңірі. – 1998. – 31 желтоқсан(№118). – 3б.
4. Құдайбергенұлы, М. Қалалық мәслихаттың XXVII сессиясы болып өтті / М.Құдайбергенұлы // Балқаш өңірі. – 1999. – 9 қыркүйек(№62). – 1б.
5. Тілеуіпбекқызы, К. Мол мұраның мекені / К.Тілеуіпбекқызы // Балқаш өңірі. – 2002. – 17 мамыр(№37). – 4б.
6. Сасаев, Н. Болашақты бүгінгі күндермен қалау / Н.Сасаев // Спорт. – 2002. – 13 тамыз(№32). – 3б.
7. Русаковтар Балқаштықтардың құрметіне бөленді // Мысты өңір. – 2003. – 23 мамыр(№21). – 6б.
8. Башар, Ж. Көпшілік қолдауын алды / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2003. – 25 мамыр(№39-40). – 2б.
9. Ахметов, Қ. Жазушыға тағзым / Қ.Ахметов // Балқаш өңірі. – 2003.- 19 қараша(№93). – 4б.
10. Алдажарова, Н. «Қазақ тілі» қоғамына 15 жыл / Н.Алдажарова // Балқаш өңірі. – 2005. – 15 маусым(№42). – 3б.
11. Малтабаров, Е. Мемлекеттік тіл мүддесі – ел мүддесі / Е.Малтабаров // Балқаш өңірі. – 2005. – 17 маусым(№43). – 5б.
12. Ахметов Қасымхан Қаскенович (қазанама) // Балқаш өңірі. – 2009. – 27 ақпан(№24-25). – 6б.
13. Нұрдос, М. «Жалқын» жарқын ғұмырды баяндайды / М.Нұрдос // Балқаш өңірі. – 2010. – 20 қазан(№85). – 1б.


Дата редактирования: 02 Желтоқсан 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика