"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Липовка Николай Иванович

 

     Липовка Николай Иванович 1919 жылы Қазан қаласында шаруаның отбасында дүниеге келген.

     1921 жылы Н.Липовканың отбасы Белоруссияға қоныс аударады. Витебск облысы, Борковичи станциясындағы орта мектепті аяқтаған соң, Орел қаласына көшіп барып, жеңіл өнеркәсіп облыстық Басқармасына техникалық хатшы болып жұмысқа тұрады.

    Әскер қатарында 9 жыл болып, осы жылдар ішінде қызыл әскер, полктің және саяси және саяси жетекшінің орынбасары, әскери-саяси училищенің курсанты, гарнизон бастығының саяси жағынан орынбасары, дивизия саяси бөлімі редакциясының нұсқаушысы сиякты жұмыстарды атқарады.

     Мемлекеттік қауіпсіздік бөлімінің аға лейтенанты Н. И. Липовка әскер қатарынан денсаулығына байланысты III топтың мүгедегі ретінде босатылады.

     1946 жылы  Балқаш қаласына көшіп келіп, қалалық партия комитетінің лекторы, мыс зауыты парткабинетінің меңгерушісі, металлургия цехының парторгы, калалық партия комитеті үгіт және насихат бөлімінің кеңесшісі, партия кітапханасы мен саяси ағарту комитетінің  және қалалык партия кабинеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет жасайды.

     Николай Иванович Липовка өз бастамасымен энциклопедия ретінде «қаланың төлқұжатын» құрастырып, оған 1937 жылдан басталатын деректерді енгізіп, оны 1980-1985 жылдар аралығында құрастырды.

   2004 жылы 10 қарашада Н.И.Липовкаға Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

     Липовка  Николай Иванович 2011 жылы қайтыс болды.

Әдебиеттер  тізімі:

1. Балқаш. Тарих беттері. Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 199-200,203 б.

2. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары / Мұстафин С. Балқаш, 2007. – 39-42 б.

3. Көңіл айту // Балқаш өңірі. – 2011. – 6 сәуір. – (№39). – 8 б.


Дата редактирования: 28 Мамыр 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика