Әмірсеилов Тұрлыбек Әмірсеилович 1924 жылы Балқаш қаласынан 45 километр қашықтықта орналасқан Шолақ деген жерде дүниеге келген. Әмірсеилов Тұрлыбек №8 ФЗО-ны бітірген соң, Қоңырат кентіндегі кенішке бұрғылау станогының машинисі болып орналасады.
Т.Әмірсейілов 1942 жылдың тамыз айында Ұлы Отан соғысына қатысуға өз еркімен сұранады. Ол Красноармейск қаласындағы оқу батальонынан кейін, 1942 жылдың желтоқсан айында КСРО ІІХК-нің Ф. Дзержинский атындағы Қызыл тулы Ленин орденді ерекше бағыттағы дивизиясының бірінші мотоатқыштар бөліміне жіберіледі. Т.Әмірсеиловтың майдандағы жолы Прибалтика, Қырым, Польша және Румыния елдерін басып өткен. 1945 жылдың 24 маусымында Т.Әмірсеилов Мәскеу қаласындағы Жеңіс шеруіне қатысады. Одан кейін ол Литвадағы ішкі істер әскери жөніндегі қызметке жіберіліп, 1949 жылға дейін сол жердегі бандиттік құрылымдарды жоюға арналған күреске қатысады. Әскер қатарынан босағаннан кейін ол туған қаласы Балқаш қаласына қайтып оралады.
Бірінші уақытта ол радио комитетінде жұмыс істеп, содан кейін оны Балқаш Коммунистік партиясының қалалық комитетіне ауыстырады. Т.Әмірсеилов онда нұсқаушыдан бастап, бөлім меңгерушілігіне дейін көтеріледі. 1963 жылы Тұрлыбек Әмірсеилович Балқаш қалалық орындаушы комитетінің төрағасының орынбасары болып сайланады. 1975 жылы Т.Әмірсеиловты Қазақстан КП Жезқазған облыстық комитетінің партиялық комиссиясына төрағалық етуге шақырады. Осы күннен бастап өмірінің соңына дейін, Тұрлыбек Әмірсеилов Жезқазған қаласында тұрды.
Т.Әмірсеилов 1985 жылы зейнеткерлікке шықса да, Жезқазған облыстық орындаушы комитетінде аға референт болып жұмысын жалғастырды.
Тұрлыбек Әмірсеилович қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, өз ісіне қалай адал болу керектігін көрсетіп, сонымен бірге басқаларға да үлгі бола білді.
Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері Тұрлыбек Әмірсеилов Әмірсеилович осылайша халық есінде қалды. Әмірсеилов Тұрлыбек Әмірсеилович 2006 жылы 17 маусым күні дүниеден озды.