"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Владимирова Татьяна Петровна

Просмотров: 1105

Владимирова Татьяна Петровна 1956 жылы 24 маусымда Амур облысында дүниеге келген. 1973 жылы орта мектепті аяқтағаннан кейін Благовещенск мемлекеттік медицина институтына түседі. Оның еңбек жолы Свердлов облысының Каменск – Уральск қаласында басталды.

Владимирова Татьяна акушерлік және гинекология саласындағы 30 жылдан астам еңбек жолын қаламызға арнады. Татьяна Петровнаның біліктілігінің арқасында жүздеген кішкентай балқаштықтар дүниеге келді.

Ол емдеу мен диагностикалаудың, қарқынды терапияның, шұғыл және жоспарлы хирургияның, акушерлік пен гинекологияның барлық заманауи әдістерін меңгеріп, көптеген науқастың өмірін құтқарған. Татьяна Петровна жылдар бойы бедеулікке байланысты емдеу терапияларын жүргізді. Владимирова Т.П. көптеген шәкірттері бүгінгі күні медицина саласында еңбек етіп жүр. Татьяна Петровна әріптестері, пациенттері мен қала тұрғындары арасында әрдайым үлкен құрметке ие болған.

Владимирова Татьяна Петровна 2022 жылғы  қазан айында 67 жасында өмірден озды.

 


Дата редактирования: 21 Сәуір 2025

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика