"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Аматуни Левон Карапетович

Просмотров: 1661

     Аматуни Левон Карапетович 1887 жылы Эриван губерниясының (қазіргі Армения) Эчмиадзин қаласында ұстаздар  отбасында дүниеге келген. 1906 жылы Бакин гимназиясын бітіріп, Киев университетінің медицина факультетіне оқуға түседі. Болашақ дәрігер 1913 жылы тұтқындалып, киевтік түрменің жалғыз адамдық камерасында бір жылдан астам уақыт бойы отырады. Бұған қарамастан Л.Аматуни 1914 жылы тамыз айында оқуын аяқтайды. Ол өзінің дәрігерлік ісін Бірінші дүниежүзілік соғыстың оңтүстік – батыс және румын майдандарының тылдық госпитальдары мен санитарлық поездарында бастады, кейін алынған тәжірибе оған әскери госпитальді басқаруға мүмкіндік берді. Ол Киев қаласына тұрақты мекен-жайына оралады. Киевте әскери – санитарлық басқармамен іссапарға жіберілген Л.Аматуни №12 кеңестік госпиталінде, Киев губсовнархозында, «Пищевик» одағында, Киев станциясының темір жол торабында еңбек етті. 1924 жылдың мамыр айында Л.Аматуни Киевтен Рязан губерниясының Зарайск қаласына ауысты. Мұнда «Қызыл Шығыс» тоқыма фабрикасында екінші фабрикалық дәрігер болып қызмет ақарды, «Нитка» басылымының редколлегиясының мүшесі болды, рабкорлар үйірмесін, клубтық және санитарлық-ағарту жұмысын жүргізді. ЖТТ одағының дәрігерлік секциясының төрағасы және денсаулық сақтау секциясы бойынша қалалық кеңестің мүшесі болып еңбек етті. Сонымен қатар Л.Аматуни жаратылыстану ғылымдарын оқытып, педагогика техникумы мен ФЗУ-да санитария және гигиена бойынша дәріс оқыды. 1926 жылы мамырда Ленинград қаласына  ауысты. Петергофтағы жұмысшы жастар санаторийінің медициналық бөлімінің меңгерушісі, мектеп – санитарлық дәрігер, Ленинград қалалық денсаулық сақтау бөлімінің өкілі және Доктор Гааз атындағы аурухананың туботбөлімінің меңгерушісі қызметтерін қоса атқарды. 1933 жылдың мамыр айынан бастап №12 балалар сүйек – туберкулез шипажайын басқарды. 1937 жылы отбасы жағдайына байланысты Л.Аматуни Ленинградтан Алупка қаласындағы сүйек – туберкулез санаторийіне ауысып, онда 1937 жылдың тамыз айына дейін жұмыс істеді. Сол жылдары Қазақстан дәрігер кадрларына аса мұқтаж еді. Балқаш көлінің жағасында орналасқан ауқымды құрылысқа сапалы медициналық қызмет көрсетуді қажет ететін мыңдаған маман  жұмылдырылды. 1937 жылы тамыз айында Л.Аматуни осы жерге келеді. Аурухана Ескі алаңда орналасқан еді. Жұқпалы аурулар бөлімі, терапия, перзентхана, хирургия, ас үй, мұздақ, ат қора және гараж орналасқан бірнеше ұзын барақтардан тұрды. Екінші жағынан тұрғын барақтар орналасты. Л.Аматунидің ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында қалалық аурухананың жаңа корпустары салынды. 40 - шы жылдардың соңында 3 қабатты хирургия корпусының құрылысы басталды, содан кейін жұқпалы, терапевтік корпустардың, перзентхананың және гинекологияның құрылысы басталды. Дәрігер ретінде ол үнемі салауатты өмір салтын насихаттап, қоғамдық белсенді, Халық депутаттары қалалық кеңесінің депутаты болып сайланды.
     1949 жылы 23 шілдеде жоғары білікті дәрігер, қалалық аурухананың меңгерушісі Л.К.Аматуниге Балқаш қаласының Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін «ҚазССР еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілді. Сонымен қатар, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
     Левон Карапетович Аматуни 1953 жылы 21 қыркүйекте ауыр сырқатынан кейін өмірден өтті.

 


Дата редактирования: 04 Қазан 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика