"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Мұхамедьяр Елжетті Құсайынұлы

Просмотров: 1442

     Мұхамедияр  Елжетті Құсайынұлы  1936 жылы  7 кыркүйекте Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген. Елжетті Құсайынұлы орта мектепті Ақтоғай ауданында бітіріп, 1955 жылы  Қарағанды Мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетіне оқуға түседі. 1961 жылы оқуын ойдағыдай бітірген соң, еңбек жолын Ақтоғай ауданында емдеу дәрігері болып бастады.
     Осы ауданда санитарлык- эпидемиялогиялық станция ұйымдастырып, 10 жыл сол станцияның бас дәрігері болып істеді.
     1973 жылдың шілде айынан бастап жана кұрылған Жезқазған облыстык санэпидстанциясы бас дәрігерінін орынбасары болып тағайындалды. Осы жылдың қыркүйек айында жолдамамен Балқаш қаласы санэпидстанциясын басқаруға жіберілді.
  Балқаштың санитарлык-эпидемиологиялық станциясында бас санитарлық дәрігер болып жүрген кезінде,Е.Мұхамедияр өзін талапты ұйымдастырушы, алғыр басшы ретінде көрсете білді.
     Елжетті Құсайынұлы 1981-85 жылдар аралығында Балкаш қаласы денсаулық сактау бөлімін баскарды. Ал 1985-98 жылдары аймақтық СЭС-тің бас дәрігері болып, 1998 жылы кұрметті демалысқа шықты.
      2 рет Жезқазған облыстық мәслихатының депутаты, 4 мәрте калалық мәслихаттың депутаты болып сайланды.
     1976 жылы еңбегі бағаланып “Бүкілодақтык денсаулық сақтау ісінің үздігі” белгісімен, 1991 жылы Қазақстан Жоғарғы кеңесінің мақтау грамотасымен марапатталған.
   2002 жылы 20 қарашада Е.Мұхамедиярға Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен “Балқаш қаласының құрметті азаматы” атағы берілді.

Әдебиеттер тізімі:

1. Төкейбекова, А. Халыққа қамқорлық – басты мүддеміз // Балқаш өңірі. – 1994. – 16 сәуір. – (№31).
2. Драчева, Е. Күнде естігеннен бір көрген ләзім // Балқаш өңірі. – 2001. – 8 тамыз. – (№62).
3. Жүнісұлы, О. Қыстың ұзақ таңы атты / Жүнісұлы О. Қарағанды: «Қарағанды Полиграфиясы» АҚ, 2002. – 38-42 б.
4. Жүнісұлы, О. Мені есіңе ала жүр /Жүнісұлы О. Қарағанды: «Қарағанды Полиграфиясы» АҚ, 2005. – 156-158 б.
5. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары /Мұстафин С. Балқаш, 2007. – 27-29 б.
6. Балқаш. Тарих беттері. Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 146-147,189-190,199-200,203 б.


Дата редактирования: 19 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика