"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Бекенов Сәбит Бекенұлы

Просмотров: 1454

     Бекенов Сәбит Бекенұлы   1936 жылы 11 желтоқсанда Талдықорған облысы Бөрлітөбе ауданында дүниеге келген.
     С.Бекенов 1954 жылы орта мектепті бітірген соң,  өзінің еңбек жолын Балқаш қаласындағы түрлі - түсті металдарды өңдеу зауытында аға тіркеуші болып бастайды.
    Сәбит Бекенұлы 1957 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түсіп, оны бітірген соң Балқаш қаласының білім беру бөліміне жолдамамен жіберіледі.
    1962 жылдан бастап, оның еңбек жолы Балқаш қаласы мен Жезқазған облысының білім беру жүйесінің дамуымен байланысты болды.
С.Бекенов  №2 Абай мектебінде тарих пәнінің мұғалімі, директордың орынбасары, Саяқ кентіндегі №42 (1968ж.), №29 орта мектепте (1970ж.) директор болып жұмыс істеді.
   1975 жылы Бекенов Сәбит Бекенұлы жаңадан ашылған Балқаш педагогикалық училищесінің бірінші директоры болып тағайындалып,училищені 23 жыл бойы басқарды. Училище өмірінен 1986 жылдан 1988 жылға дейін Жезқазған облыстық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі болып істеген кезінде аздап қол үзді. 
С.Бекеновтың басшылығымен педагогикалық колледждің материалдық базасы нығайып,  кафедралар мен факультеттер ашылып жаңа мамандық түрлері қосылды.
     Сәбит Бекенұлы жастардың ақыл берер тәлімгері болып,  өз жұмысына адалдықпен берілген мұғалімдер шоғырын тәрбиелеп шығарды. Олардың көпшілігі қазіргі уақытта гуманитарлық колледждің атағын республика көлемінде және одан тысқары жерлерде де шығарып жүр. 
С.Бекенов Байқоңыров атындағы Жезқазған аймақтық университетінің ғылымдық Кеңесінің ғылыми мүшесі, қалалық халық депутаттары  Кеңесінің мүшесі болып сайланды.
     Зейнеткерлікке шықаннан кейін де, облыстық тәртіпке шақыру Кеңесінің құрамында жұмыс істеді.
     Бекенов Сабит Бекенұлы 2007 жылы қайтыс болды.

Әдебиеттер тізімі:

1. Шалова, Б. Ұстаз жолы / Б.Шалова // Балқаш өңірі. – 2004. – 9 қаңтар(№2).  – 2б.
2. Нәбиева, Ғ. Рухы биік нар тұлға / Ғ.Нәбиева // Балқаш өңірі. – 2011. – 30 қараша(№95). – 7б.
3. Шекенов, Ә. Парасатты ғұмыр иесі / Ә.Шекенов // Балқаш өңірі. – 2014. – 8 тамыз(№65-66). – 5б.
4. Жүнісбек, Ә. Рухы биік нар тұлға / Ә.Жүнісбек // Балқаш өңірі. – 2015. – 25 желтоқсан(№105). – 8б.


Дата редактирования: 19 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика