"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жақыпова Шолпан Бекболатқызы

Просмотров: 651

 

Шолпан Бекболатқызы 1951 жылы 10 қыркүйекте Тюмень облысының Қазан ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1973 жылы Көкшетау педагогикалық институтының шет тілдер факультетінде неміс тілі мұғалімі мамандығын алғаннан  кейін бастады. Ұстаздың барлық өмір жолы - педагогикалық іске терең берілген мақсатты адамның жолы. 1977-1979 жылдар аралығында Озерный кентінің (қазіргі  Шашубай кенті) орта мектебінде сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы болып жұмыс істеді. Шолпан Бекболатқызы 1980 жылдан Балқаш педагогикалық училищесінде оқытушыдан оқу орнының директорына дейін қызмет атқарды. Ұйымдастырушылық қабілеті, іскерлік қасиетін ескере отырып, ұстазды 1988 жылы қалалық партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі етіп тағайындады.
1992 -2004 жылдар аралығында Ш.Жақыпова Балқаш гуманитарлы - техникалық колледжі директорының орынбасары болып еңбек етті. 2004 жылдан құрметті демалысқа шыққанға дейін алғашқы инновациялық мектептердің бірі - Қалалық гимназияны басқарды. Басшы ретінде ол әрқашан жоғары сапа стандарттарына деген ұмтылысты, ұжым мүшелерінің ішкі құндылықтарының басым болуын бағалады. Мектептің инновациялық қызметіне көп көңіл бөліп, мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасады.
Басшылық лауазымдарды атқара отырып, Шолпан Бекболатқызының қалалық білім деңгейін дамытуға қосқан үлесі зор. Ол өзіне деген жоғары талапшылдығымен, адамдармен қарым-қатынаста мейірімділігімен, қарапайымдылығымен және терең әдептілігімен ерекшеленді. Оның көпжылдық мінсіз еңбегі ведомстволық наградалармен – «Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі» белгісімен, «Мұғалім-әдіскер» атағымен атап өтілді.
Ш.Жақыпова әріптестер, оқушылар, ата-аналар арасында үлкен құрметке ие болды.
Жақыпова Шолпан Бекболатқызы 70-ке келген шағында сырқаттанып, 2021 жылдың 9 қыркүйегінде өмірден өтті.

 

 

 


Дата редактирования: 19 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика