"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Дәкібаев Зейнетолла

Просмотров: 105

 

     Дәкібаев Зейнетолла 1908 жылы Қоңырат ауданының №4 ауылында (қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Жидебай ауылдық округі) дүниеге келген. З.Дәкібаев 1932 жылы өзінің еңбек жолын Бертіс кентіндегі мектепте бастады (кейін Балқаш құрылыс поселкесі, 1937 жылдан - Балқаш қаласы). 1936 жылы оқу жылын аяқтағаннан кейін бір топ мектеп мұғалімдері Бектауата шатқалына демалуға аттанады. Онда олар киіз үй тігіп, ескі әндер айтып, пікір алмасып, әңгімелеседі. Келгеннен кейін көп ұзамай сол демалысқа барғандар «Алаш» қозғалысын мақтағаны үшін қамауға алынады. 1937 жылы З.Дәкібаев РСФСР ҚК 58-10 статьясының I-бабы бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылады және «халық жауы» деп жарияланып,  Сібірге жіберіледі. З.Дәкібаев жазасын өтегеннен кейін ақталып, өз мектебінде ұстаздық қызметін жалғастырды.
     1950 жылы З.Дәкібаев жұмыс істей жүріп Қарағанды педагогикалық училищесін бітіріп, бастауыш мектептің білікті оқытушысы атанады.
      Замандастарының естеліктері бойынша З.Дәкібаев тамаша мұғалім ғана емес, сонымен қатар шығармашыл адам болған, ол халық әндерін жақсы орындап, күйлер шығарған.
     Зейнетолла Дәкібаев 1963 жылы өмірден өтті.
Мақалалар тізімі:
1. Мақсұтұлы, Қ. Тоқсан жылдық тарихы бар мектеп және оның тұңғыш түлектері / Қ.Мақсұтұлы // Пульс. – 2021. – 21 мая (№21). – С. 3

 

 


Дата редактирования: 25 Қазан 2021

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика