"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Төлеуов Бекен Төлеуұлы

Просмотров: 1249

      Төлеуов Бекен Төлеуұлы 1935 жылы 5 қазанда Талдықорған (қазіргі Алматы) облысы Бөрлітөбе ауданы Балқаш көлінің жағалауындағы Майқамыс балықаулау бөлімшесінде  дүниеге келген.
     «Красный Октябрь» балықшылар колхозында бастауыш мектепті бітіргеннен кейін Бөрлітөбе ауданының «Үлгілі» колхозының орта мектебінде білімін жалғастырды. Бекен Төлеуұлы педагог болуды армандады және өзінің асқақ арманын орындай отырып, 1960 жылы С.Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті)  Қазақ мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірді.
         Еңбек жолын 1958 жылы Ақтоғай ауданы «Қызыларай»  совхозының №2 орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастады, содан кейін 1961- 1963 жылдары Шығыс Қоңырат кентінің №18 орта мектебінде сабақ берді.  1963 жылы Б.Төлеуов №3 мектептің (жұмысшы жастар мектебі) директоры болды, 1964-1969 жылдары Шығыс Қоңырат кентіндегі № 18 орта мектептің директоры болды, 1969 жылдан 1975 жылдары Балқаш қаласындағы қиын балаларға арналған арнайы мектепті басқарды, 1975 жылдан 1976 жылдары Балқаш қаласындағы №1 орта мектепте математикадан сабақ берді. 1977 жылдан 1996 жылға дейін бұрынғы Приозерный ауданының білім беру бөлімінің басшысы болды. Содан кейін, зейнеткерлік демалыста бола тұра, Шашубай кентінің орта мектебінде бір жыл бойы математикадан сабақ берді. 
    Бекен Төлеуұлы зейнеткерлік жасына қарамастан, қаланың қоғамдық өміріне әрдайым белсене қатысады. 1996 жылы Қарағанды облысы Мұғалімдерді қайта даярлау институтының Балқаш қаласындағы ғылыми-әдістемелік орталығын  ашып, 2007 жылға дейін әдіскер болып жұмыс істеді. Б.Төлеуов әр жылдары «Алаш Азаматтары» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Балқаш қалалық Ардагерлер кеңесі ардагерлер бастауыш ұйымының басшысы, Ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі болды.
     Көп жылғы адал еңбегі үшін Бекен Төлеуұлы Халықтар достығы орденімен (1986 ж.), «Еңбек ардагері»  медалімен (1986 ж.), В.Лениннің 100 жылдығына арналған медальмен (1970 ж.), Ұлы Отан
соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы және 75 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен (2015, 2020 ж.ж.) марапатталған, «ҚазКСР білім беру үздігі»  атағының иегері (1982 ж.). Сонымен қатар, бірнеше рет облыс әкімінің, Жезқазған және Қарағанды білім басқармаларының, кәсіподақ комитеттерінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Балқаш қалалық мәслихатының 2020 жылғы 11 қарашадағы № 43/347 шешімімен Төлеуов Бекен Төлеуұлына «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.   
Мақалалар тізімі:
1. Айтжанұлы, Қ. «Парасат биігінде» / Қ. Айтжанұлы // Балқаш өңірі. – 2005. – 21 қазан (№79). – 5 б.
2. Кәукербекова, Г. «Ұрпақ тәрбиесін ұлттық мүддемен ұштастырған» / Г.Кәукербекова // Балқаш өңірі. – 2020. – 21 қазан (№78). – 6 б.
3. Бақтораз, Е. «Құрметті азаматтар» қатары толықты / Е.Бақтораз // Балқаш өңірі. – 2020. – 16 желтоқсан (№93). – 2 б.
4. Базар, Ә. Ардагер / Ә.Базар // Балқаш өңірі. – 2022. – 30 қыркүйек (№72). – 2 б.

 

 

 


Дата редактирования: 18 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика