"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Махатқызы Бадиша Махатқызы

     1936 жылы осы өнегелі отбасы Махат әулетінде Сыздықбектің шаңырағына ұрпақ өмірге келеді. Ол осы әулетке, үлкен аталарына алғашқы немере, әкелеріне тұңғыш бала болып зор қуаныш әкеледі. Өнегелі орта, үлгілі тәрбие мен адамдық қасиетті берік ұстанған Махатовтар әулеті бала өміріне, тәрбие мен оқуына, келешегіне ерекше қарайды. Үлкен анасы Тәтипа омырауына басып, ұлттық тәрбиені балаң кезден санасына сіңіреді. Қаршадай қыз Бадишаны үйдің, отбасының еркесі емес, елінің көркіне айналдыруды мақсат тұтады. Өз әкесі Сыздықбек елінің елеулі халқының қалаулы азаматтарының бірі болды. Бадиша Махатқызы туған қаласында білім алып, орта мектепті 1954 жылы бітіріп шығады. Сол жылы Алматыдағы Абай атындағы Қазақтың Мемлекеттік педагогика институтының филоло- гия факультетіне түседі. Қоғамның бар мүшесі құрметтейтін мерейлі мамандық - мұғалімдік қызмет қыз жүрегіне әбден ұялайды. Адам тәрбиелеу, жас бүлдіршіндерді жарқын болашаққа жетелеу, олардың таным-қабілетін ұштау, ой-өрісін дамыту — ұстаз еңбегінің басты қағидасы болды. 1973 жылы қалалық партия комитетінің шешімімен №2 мектеп-интернатына директор болып тағайындалды. Оқу орнын қайта құрып, өркендетуге Халық ағарту ісінің озық қызметкері БадишаМахатқызының еңбегі зор. 
     1982 жылы әлеуметтік жағдайы төмен, денсаулығы нашар балаларға арналған санаториялық мектеп-интернаты болып қайта ашылды. Сол жылдардан бері Б. Махатқызы іскер басшы, ақылшы мұғалім, тәлімгер ұстаз, оқу ісінің озық әдіскері болды. Басшы тапқырлығы, қиялының ұшқырлығы арқасында «Иванов тәсілімен емдеу», «Детка», «Өзін-өзі тану» бағдарламасын іске асырып, «Денсаулық аралы» модулінің жүйесін балалардың оқу тәрбиесіне енгізді.                                       
     Өз мамандығын шынайы сүйетін Б. Махатқызы 40 жылдан астам уақытын, күш-жігерін, білімін толығымен ұстаздық іске жұмсап келеді. Еңбегі бағаланып, 1967 жылы Қазақ КСР, ал 1987 жылы "КСРО Халық ағарту ісінің озық қызметкері" белгілерімен, 1970 жылы "Еңбек ардагері", "Қажырлы еңбегі үшін" медальдарымен және Үкімет тарапынан 2002 жылы "Ерен еңбегі үшін" орденімен марапатталды.
Бұл марапаттаулар тек лайықты адамға ғана берілетінін ескерсек, біздің көз алдымызға ұстаздар арасынан шыққан, өмірде өз орнын таба білген, ұстаз атын дәріптеп, бағалай білген ерекше тұлға келеді.                             
2001 оқу жылында "Бөбек" қорының президенті Сара Алпысқызының шақыртуымен Алматыда өткен "Өзін-өзі тану" курсының семинарына қатысып, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін "Адамгершілік кұндылығы" бағдарламасын жасады.
     Өткен ғасырдың соңғы жылдарында мектеп-интернатына үлкен қауіп төніп, жабылу жағдайы жақындағанда, соған бас болып, азамат ретінде, директор ретінде оқу орнының қайта тыныс алуына күш-жігерін аямай төкті. Бұл азаматтық еді, ұрпақ қамын ойлайтын қамқорлығын көрсеткені. Ол іскер басшылығымен қоса отбасында сүйікті жар, балаларына ардақты ана, немерелері мен шөберелеріне қамқоршы әже. Асқар, Әлия, Гуля, Ануар есімді төрт баласының бәрі де жоғары білімді азаматтар. Балаларынан 8 немере, 2 шөбере көріп отыр. Шыңғыс, Аида атты немерелері Америкада білім алып жатыр. Ұрпақ тәрбиесімен шұғылдану өнегесі мен қоғамдық, мемлекеттік деңгейдегі еңбегі және қала өмірінің жетістіктеріне қосқан үлесі ескеріліп 2004 жылы "Балқаш қаласының құрметті азаматы" деген атақ берілді.

Мақалалар тізімі:

1. Үлкен жүрек иесі // Балқаш өңірі.-2006.-13 қыркүйек.
2. Қанафин Н. Шат күлкінің ордасы - "Болашақ" / Қанафин Н // Балқаш өңірі.- 2011.- 29 маусым (№73).-3 б.
3. Қажытай А. Парасат иесі құрмет құшағында: ұстаз Бадиша Махатова 75  жаста / Қажытай А // Балқаш өңірі.- 2011.- 21 қыркүйек(№107).-3 б.
4. Қажытай А. Қала тынысының куәгері: Бәдиша Махатова туралы /  Қажытай А // Балқаш өңірі.- 2012.- 11 сәуір(№38).- 4 б.
5. Махатова, Б.   Батыр атам мен ақпейіл аналарым: Балқаш қаласының Құрметті азаматы Бадиша Махатова өзінің ата-анасы, туғандары туралы сыр шертеді // Пульс.- 2015.- 8 мамыр(№19).-4 б.
6. Махатова Б. Бәрі менің есімде: ұстаз 3. Құлмышеваны еске алу / Махатова Б // Пульс.- 2016.- 22 қаңтар(№4).- 5 6/ 


Дата редактирования: 31 Наурыз 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика