"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Кобзева Александра Андреевна

Просмотров: 1062

     Кобзева Александра Андреевна 1902 жылы 6 мамырда дүниеге келген. Александра Андреевна институтты бітіргеннен кейін, тұрмыс құрып, Прибалхашстрой кентіне қоныс аударды. Ол еңбек жолын 1932 жылдың қараша айынан Орталық кенттің қамысты барағындағы бірінші аралас орыс-қазақ мектебінің мұғалімі және директоры қызметінен бастады. Оның алғашқы оқушыларының саны 98 адам болды, олар 3 қазақ және 4 орыс сыныптарында оқыды. Александра Андреевна қазақ тілін жақсы меңгеріп, еркін сөйлей алғандықтан, оған жұмысында үлкен көмегін берді. 1936-1937 оқу жылының қарсаңында қаланың "А" кварталында орналасқан жаңа ғимаратта бірінші мектеп ашылып, оған М. Горький есімі берілді. Кейін Кобзева А.А. № 8 мектептің директоры қызметін атқарды, 1950-1951 жылдары қалалық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі, одан кейін № 8 мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді.
     А. А. Кобзева қызметте және қоғамдық өмірде сіңірген үлкен еңбегі үшін «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін», «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, КСР Қазақ  Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. 1966 жылы Александра Андреевна Кобзеваның есімі қалалық Құрмет кітабына енгізілді.
     Александра Андреевна Кобзева 1987 жылы 19 маусымда Балқаш қаласында қайтыс болды.

 


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика