Людмила Алексеевна Коробейникова 1944 жылдың қараша айында Қарағанды облысы Шет ауданының Қарғалы подхозында туған. Балқаш қаласының № 4 орта мектебін бітіргеннен кейін Жезқазған педагогикалық училищесіне оқуға түсті. Еңбек жолын Ақтап кентінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастады.
1971 жылы Людмила Алексеевна Балқаш қаласына оралып, № 16 орта мектептің мұғалімі, әдіскер, қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Л. Коробейникова жұмысынан қол үзбей Жезқазған педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Осы уақыт ішінде ол өзін жоғары дәрежелі маман, беделді педагог ретінде көрсетіп, 1985 жылдың қараша айында №1 орта мектептің директоры болып тағайындалды. Содан кейін 1990 жылдан 1992 жылға дейін Балқаш педагогикалық училищесі директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 1993 жылдан 2003 жылға дейін №4 орта мектепті басқарды.
Л. А. Коробейникова сайлау кезінде Балқаш қаласы мәслихатының депутаты болып, 2003 жылдың 20 қарашасындағы бірінші сессияда оның хатшысы болып сайланды, бұл қызметте 2007 жылға дейін жұмыс істеді.
Л. Коробейникова 2008 жылдан бастап жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде өзінің педагогикалық қызметін жалғастырды.
Балаларды тәрбиелеу мен білім беруге қосқан үлесі, жауапкершіліктің жоғары деңгейі, жұмыс сапасы, инновациялық ойлау , ұйымдастыру қабілеттер үшін Л. А. Коробейникова " Ерең еңбегі үшін" (1971 ж.), "Еңбек ардагері" (1987 ж.), "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл" (2001 ж.), "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" (2006 ж.) төсбелгісімен марапатталды, "ҚазССР халық ағарту ісінің үздігі" (1979 ж.) атағына ие болды.
2021 жылдың 5 сәуір айында Коробейникова Людмила Алексеевна өмірден озды.
Әдебиеттер тізімі:
1.Кисикова, Е. 20 қыркүйек – жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау күні / Е.Кисикова // Балқаш өңірі. - 2003. - 5 қыркүйек(№73). - 2 б.
2.Башар, Ж. Үшінші шақырылған қалалық мәслихаттың бірінші сессиясы туралы ақпарат / Ж.Башар // Балқаш өңірі. - 2003. - 26 қараша(№95). - 1 б.
3.Төкішев, Қ. Бірлескен қаулы және шешім: Октябрьский көшесінің атын өзгертіп, Т.Тоқтамысовтың атын беру туралы / Қ.Төкішев, К.Байғаскин, Л.Коробейникова // Балқаш өңірі. - 2007. - 10 тамыз(№66). - 1 б.