"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жақсырахым Ғалыұлы

Просмотров: 1093

     Жақсырахым Ғалыұлы  1923 жылы Нарманбет ауылында дүниеге келген.
     1942 жылы  №2 Абай мектебінде 9-сыныпты бітірген. Еңбек жолын «Қызыл Октябрь» колхозында балықшы болып бастаған.
     1946-1948 жылдары Балқаш жұмысшысы газетінде бөлім меңгерушісі бола  жүріп, сырттай Қарағанды мұғалімдер институтының екі жылдық тарих факультетін бітірген. 1948-1950 жылдары №2 Абай атындағы мектепте географиядан сабақ берді.
     1950-1960 жылдары Тасарал орта мектебінің директоры қызметін атқарды. Содан кейін Балқаш өңіріндегі Қоңырат, Ақөлең, Орта Дересін ауылдарындағы мектептерде директор болып істеді. Ақөлең елді мекені мен Орта Дересін қонысындағы мектептер ол кісінің тікелей қатысуымен салынған.
     Жақсырахым Ғалыұлы – көптеген ұрпақтың есінде қалған ардагер ұстаз. «Кәріпбайқожа – соңғы әулие», «Үлгі істе, өнеге бар» кітаптарының авторы.
     Ж.Ғалыұлы 2008 жылы дүниеден өтті.

Әдебиеттер тізімі:  
1. Ғалыұлы, Ж. Әңгімелер, өлеңдер, лебіздер / Ж.Ғалыұлы. – Балқаш, 2006. – 245 б.  
2. Ақпарат айдынында: мақалалар мен очерктер / Қарағанды: «Арко», 2007. – 132 б. 
3. Башар, Ж. Бірлігі күшті ел озар / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2011. – 6 мамыр (№51-52). – 8 б.  
4. Башар, Ж. Елжанды азамат еді / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2013. – 15 қараша (№126-127). – 5 б. 
5. Башар, Ж. Бірлігі күшті ел озар / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2018. – 5 қазан (№88). – 10 б.


Дата редактирования: 20 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика