"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Іс-шаралар тізімі

Мұрағат

Адамбекова Хамар Ықласқызы

     Адамбекова Хамар Ықласқызы 1942 жылы туған. Ол өзінің еңбек  жолын  1964  жылы  Қарағанды қаласындағы №74 орта мектепте аға тәлімгер, бастауыш сынып мұғалімі болып бастады.
     1969 жылдан бастап, Балқаш қаласында  биология пәнінің мұғалімдігінен, директордың оқу – тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, мектеп директоры лауазымына дейін көтерілді.
     Адамбекова Хамар Ықласқызы  өзінің  36 жыл істеген еңбек жолының 29 жылын, 2004 жылы қазақ тілінде лингвистикалық бағытта оқытатын  мектеп мәртебесін алған  №16 мектепті басқаруға арнады.  
     Әкімшілік қызметтерінде Қамар Ықласқызы өзінің барлық педагогикалық, әдіскерлік және ұйымдастырушылық тәжірибесін кеңінен пайдалана білді.
     Қамар Ықласқызы директорлық  қызметіне қоса, мемлекеттік  міндетті де  бірге жүктеп алып, облыстық  мәслихаттың  депутаттық жұмысын да адал атқара білді.  Хамар  Ықласқызы 19 жыл бойы облыстық  мәслихаттың депутаты болып, оның ішінде 1988 жылға дейін облыстық Кеңестің депутаты болып сайланды.
     Хамар Ықласқызы  білім беру саласындағы көп жылғы еңбегі үшін, «Қазақ ССР-нің білім беру саласының үздігі», «КСРО білім беру үздігі», төсбелгілерімен марапатталып, «Қазақстан Республикасының тәуелсізідігіне 10 жыл» деген мерейтойлық  медальға ие болды. 1994 жылы Х.Ы.Адамбековаға «Тәлімгер – мұғалім» атағы берілді.  
     Қазақстан Республикасының Президентінің 1998 жыл 22 қазандағы Жарлығымен  Х.Ы.Адамбековаға «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» атағы берілді. Бұл үлкен марапатты Хамар Ықласқызы Қазақстан мұғалімдерінің  I съезінде алды.

Әдебиеттер тізімі:

1. Сардарбекова, К. Жақсыдан қалған бір тұяқ / К.Сардарбекова // Балқаш өңірі. – 1991. – 10 желтоқсан(№148). – 2б.

2. Мақсатұлы, Қ. Ерлік пен жырға өлім жоқ / Қ.Мақсатұлы // Балқаш өңірі. – 1995. – 29 сәуір(№33). – 3б.

3. Сәденов, Қ. Ер көңіл, үлкен жүрек / Қ.Сәденов // Балқаш өңірі. – 1998. – 5 тамыз(№61). – 3б.

4. Әбілқайырқызы, А. Қараусыз балалар назарымызда / А.Әбілқайырқызы // Сырлас. – 1998. – 29 қазан(№81). – 3б.

5. Төкейбекова, А. Үлкен жүректі адам / А.Төкейбекова // Орталық Қазақстан. – 1998. – 28 қараша(№83). – 3б.

6. Бегдары, Ж. Халық жанашыры / Ж.Бегдары // Балқаш өңірі. – 1999. – 9 қыркүйек(№63). – 3б.

7. Ардагерлер бас қосты // Балқаш өңірі. – 1999. – 9 қыркүйек(№63). – 2б.

8. Адамбекова, Х. Қоғам. Адам. Саясат. / А.Адамбекова // Балқаш өңірі. – 2000. – 26 желтоқсан(№101). – 2б.

9. Ұлағатты ұстаз – 60 жаста // Балқаш өңірі. – 2001. – 30 қаңтар(№8). – 2б.

10. Башар, Ж. Адамға деген бетбұрыс / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2002. – 17 сәуір(№29). – 2б.

11. Адамбекова, Х. Елдің кемел келешегі – ұрпақ тәрбиесінде /   Х.Адамбекова // Балқаш өңірі. – 2002. – 26 сәуір(№33). – 3б.

12. Адамбекова, Х. Ізденіс жолындағы білім ұясы / Х.Адамбекова // Балқаш өңірі. – 2002. – 28 қыркүйек(№78). – 4б.

13. Башар, Ж. Ана да өзі, ата да өзі, нар да өзі / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2004. – 5 наурыз(№32). – 3б.

14. Оразымбетов, М. Өмірі оның өнеге / М.Оразымбетов // Балқаш өңірі. – 2004. – 21 мамыр(№44-45). – 4б.

15. Жүнісұлы, О. Жомарт жүрек / О.Жүнісұлы // Балқаш өңірі. – 2006. – 25 қаңтар(№7). – 2б.

16. Кәрім, Н. Келешегі кемел мектеп / Н.Кәрім // Балқаш өңірі. – 2009. – 6 наурыз(№17). – 3б.

17. Башар, Ж. Өмірі –өнеге / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2012. – 28 қыркүйек(№77). – 1б.

     


Дата редактирования: 23 Қаңтар 2020