"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жәңгіров Әлихан Жәнгірұлын

Просмотров: 1556

          Жәңгіров  Әлихан Жәңгірұлы  1922 жылы Алматы облысының, Балқаш ауданының №5 ауылында туған.
       Еңбек жолын мектепте аға пионер вожатый болудан бастаған. 1941 жылдың қыркүйек айынан қараша айына дейін Развязка теміржол станциясында диспетчердің көмекшісі болып жұмыс істеген.
     Ә.Жәңгіров 1942 жылы Балқаш  ауданыннан  әскер қатарына шақырылады.  Алматыда жабдықталған  25-ші атқыштар дивизиясының құрамында болып,  Тоцкое стансасы маңында әскери дайындыктан өткен соң, сержанттар дайындайтын  8-ші  оқу-атқыштар полкінде кіші командир етіп калдырылады. Осы полкте қоғамдык жұмыстар да атқарып: кабырға газетін шығарушы редактор, 2-батальонның комсоргы болады.
        Балқашқа оралғаннан кейін 1946 жылдың ақпан айында қалалык партия комитетіне нұсқаушылық кызметке қабылданады.
Ә.Жәңгіров  1946 жылдың мамыр айынан 1948 жылдың тамызына дейін Балқаш калалык комсомол комитетінің бірінші хатшысы, осы жылдың қыркүйек айынан 1950 жылдың шілдесіне дейін партия мектебінің тындаушысы болды.
     Сонымен бірге,  Балқаш мыс зауытында парторгтың орынбасары, қалалық партия комитеті төрағасының бірінші орынбасары, калалық партия комитетінің хатшысы болып, лауазымды қызметтер атқарған.
     Ә.Жәңгіров  1962 жылдан 1983 жылға дейін орта мектепте, кәсіптік-техникалық училищеде директор болып істеп, ұстаздық жұмыстармен шұғылданды.
     Ә.Жәңгіров  “1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңісі үшін” және “Тың жерлерді көтеруге катысқан еңбегі үшін” медальдарының иегері. Қазақ КСР-інің және КСРО         Мемлекеттік кәсіби білім беру комитетінің, облыстық партия, кеңес органдарының бірнеше грамоталарымен марапатталған.
2001 жылы 13 желтоқсанда Ә.Ж.Жәңгіровке  Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен «Балқаш қаласының құрметті азаматы» деген атақ берілді.
Жәңгіров  Әлихан  Жәңгірұлы  2014 жылы қайтыс болды.

   Әдебиеттер тізімі:

1. Жәңгіров, Ә. Батыр, шешен, көріпкел әулие // Балқаш өңірі. – 1993. – 22 шілде.
2. Тәуелсіздік туы астында // Балқаш өңірі. – 1996. – 21 желтоқсан. (№76). – 1 б.
3. Жәңгіров, Ә. Менің таңдауым // Балқаш өңірі. – 1999. – 7 қазан.
4. Башар, Ж. Кеш өтті дүбірлетіп дүйім елді // Балқаш өңірі. – 2001. – 19 қыркүйек.
5. Жәңгірұлы, Ә. Қайран алдыңғы толқын ағалар –ай // Балқаш өңірі. – 2003. – 10 қазан.
6. Алдажарова, Н. Ақылы мен қайратын серік еткен // Балқаш өңірі. – 2004. – 3 наурыз.
7. Оразымбетов, М. Қала ақсақалы // Балқаш өңірі. – 2006. – 17 мамыр.
8. Кендірбаева, А. Жырлаймын сені Балқашым // Балқаш өңірі. – 2007. – 9 наурыз.
9. Балқаш. Тарих беттері. Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 199-200,203 б.
10. Башар, Ж. Ел ардақтысы // Балқаш өңірі. – 2012. – 10 ақпан(№16-17). – 1 б.
11. Кәрім, Н. Ел ағасы – 90 жаста // Балқаш өңірі. – 2012. – 20 сәуір.
12. Кәрім, Н. Қаланың қазыналы қариясы – Әлекең // Балқаш өңірі. – 2012. – 25 сәуір. – 1б.
13. Сәденов, Қ. Өткен өмір түс екен // Пульс. – 2012. – 27 сәуір(№17). – 7 б.
14. Көңіл айту // Балқаш өңірі. – 2014. – 30 шілде(№81).


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика