Нұраш Тілеуберген Тұрысбекұлы 1940 жылы 3 қаңтар күні Балқаш көлінің жағасында орналасқан, балық аулайтын «Красный Октябрь» атты колхозда мұғалімдердің отбасында дүниеге келген. Ол 1958 жылы Абай атындағы орта мектепті бітіріп, Қарағанды педагогикалық институтының химия және биология факультетіне оқуға түседі.
Нұраш Тұрысбекұлы өзінің ұстаздық еңбек жолын 1962 жылы Озерный қонысындағы (қазір Ақтоғай ауданы, Шашубай кенті) № 3 мектеп-интернатта бастап, осы мектепте 1971 жылға дейін еңбек етті. 1972-1977 жылдары Балқаш қаласының білім беру бөлімінде инспектор болып жұмыс істеп, 1977 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанша №7 мектеп-гимназиясының директоры лауазымында қызмет атқарды.
Өзінің білім беру саласындағы үздік еңбегі үшін, Нұраш Тілеуберген «Ерен еңбегі үшін» (1970 ж.) медальмен, «Социалистік жарыс жеңімпазы» (1973 ж.), «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздік қызметкері» (1991 ж.) төс белгілерімен және Қарағанды облыстық білім беру Департаментінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. 1990 жылы Нұраш Тілеуберген Тұрысбекұлының аты «Еңбек даңқы» кітабына енді.
Нұраш Тілеуберген Тұрысбекұлы 2015 жылы дүниеден озды.
Әдебиеттер тізімі:
1. Нұраш, Т. Тәуелсіз елдің мектебі / Т.Нұраш // Балқаш өңірі.
2. Қабиева, Қ. Ұлағатты ұстаз – ұрпақ бақыты / Қ.Қабиева // Сырлас. – 2002. – 1 ақпан(№19). – 2 б.
3. Оразымбетов, М. Мектеп бітірушілердің соңғы қоңырау салтанатынан / М.Оразымбетов // Балқаш өңірі. – 2006. – 31 мамыр(№45). – 2 б.
4. Ақпарат айдынында (мақалалар мен очерктер). – Қарағанды: «Арко», 2007. – 31-34 б.
5. Нұраш Тілеуберген Тұрысбекұлы (қазанама) // Балқаш өңірі. – 2015. – 25 ақпан(№21). – 7 б.
6. Башар, Ж. Ұлтым деген жан еді / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2015. – 25 ақпан(№21). – 7 б.