"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жапенов Ісбек Серікбайұлы

Просмотров: 1094

     Жапенов Ісбек Серікбайұлы 1967 жылы 18 наурызда   Ақтоғай ауданының  Айыртас ауылында дүниеге келген. 1982 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін сол жерде комсомол-жастар бригадасының құрамында мал шаруашылығына жұмысқа орналасты. 1985 жылы Ісбек Серікбайұлы Кеңес армиясы қатарына мерзімді әскери қызметке шақырылды.
     1985 жылдан 1987 жылға дейін  №88870 әскери бөлімінде Ауғанстан Демократиялық Республикасында қызмет етті. Онда  минаның жарылысынан ауыр жарақат алып, мүгедек болып үйіне оралды. Ісбек Серікбайұлы отбасымен Балқаш қаласына көшіп келіп, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің жауынгерлік бауырластығы» Балқаш қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі болды. Ісбек Серікбайұлы әрдайым жастармен кездесіп, оларға Отанға деген сүйіспеншілік, жігерлік, Отан алдындағы борышын өтеуге талпыну қасиеттерін тәрбиелеуде өз  үлесін қосты.
     Ісбек Серікбайұлы соғыс қимылдарына қатысқаны, Ауған шекарасындағы жауынгерлік  батырлығы мен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз»  орденімен, «Ауған халқының интернационалист-жауынгерге алғыспен», «Әскери ерлігі үшін», «КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 10 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 15 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 20 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 25 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 30 жыл» медальдарымен марапатталды.
     Жапенов Ісбек Серікбайұлы 2020 жылы 02 наурызда дүние салды    

            
Мақалалар тізімі:
1.  Омашев, Ж. Ардагерлермен кездесті / Ж.Омашев // Балқаш өңірі. – 2009. – 20 ақпан (№21-22). – С. 3
2. Тойымбекова, Ш. Ауғанстан тарих беттерінде / Ш.Тойымбекова // Балқаш өңірі.  – 2015. – 13ақпан  (№16-17).  -  1;5 б.
3. Алишев, Б. Ауған соғысының ардагерлері / Б.Алишев // Балқаш өңірі. - 2016. - 12 ақпан (№16-17). - 4 б.
4. Мақсұтұлы, Қ. Ерліктерің ұмытылмас ешқашан! / Қ.Мақсұтұлы // Пульс. – 2019. – 15 февраля (№7). – С. 3
5. Мақсұтұлы, Қ. Өр намысын бермеген, ерлік жасап ерлеген! / Қ.Мақсұтұлы // Пульс. – 2019. – 22 февраля (№8). – С. 4
6. Бақтораз, Е. Жалалабад жан жарасы / Е.Бақтораз // Балқаш өңірі. - 2020. - 14 ақпан (№12). - 3 б.
7. Кәрібек, Ә. Ауғанның асуында от кешкендер / Ә.Кәрібек // Балқаш өңірі. - 2020. - 19 ақпан (№13). - 8 б.

 

 

 

 


Дата редактирования: 28 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика