"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Байсеркин Серғазы Торғайұлы

Просмотров: 1927

     Байсеркин Серғазы Торғайұлы 1966 жылы 3 ақпанда Ақтоғай ауданының Шабанбай би ауылында дүниеге келген. 1983 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін сол жерде комсомол-жастар бригадасының құрамында мал шаруашылығына жұмысқа орналасты.
     1984 жылы Балқаш қаласының ДОСААФ мектебінде оқып, жүргізуші куәлігін алып, әскерге шақырылды. 1984 жылдан 1986 жылға дейін №51863 әскери бөлімінде Ауғанстан Республикасында әскери борышын атқарды.
     Серғазы Торғайұлы соғыс қимылдарына қатысқаны үшін «Ауған халқының интернационалист-жауынгерге алғыспен», «Әскери ерлігі үшін», «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 10 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 15 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 20 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 25 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 30 жыл» медальдарымен марапатталды.
     Қазіргі уақытта Серғазы Байсеркин «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-де еңбек етеді.

 

 Мақала тізімі:
1. Кәрім, Н. Ауған соғысының ардагерлері марапатталды / Н.Кәрім // Балқаш өңірі. – 2010. – 17 ақпан (№22). – 1 б.

 


Дата редактирования: 24 Қаңтар 2025

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика