Ақатаев Қайрат Теңлікұлы 1965 жылы 28 қарашада Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында дүниеге келген. 1982 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Балқаш тау-кен техникумына түседі. 1985 жылы әскерге шақыртылады.
1985 жылдан 1987 жылға дейін №93992 әскери бөлімінде Ауғанстан Республикасында әскери борышын атқарады.
Ақатаев Қайрат соғыс қимылдарына қатысқаны үшін «Ауған халқының интернационалист-жауынгерге алғыспен», «Әскери ерлігі үшін», «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 10 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 15 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 20 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 25 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 30 жыл» медальдарымен марапатталды.
Қазіргі уақытта Қайрат Теңлікұлы шаруасын дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкер.
Мақала тізімі:
1. Ерубаева, Р. Ауған – тарихтың қасиетті парағы / Р.Ерубаева // Балқаш өңірі. - 2014. - 19 ақпан (№18). - 8 б.
2. Бақтораз, Е. Жалалабад. Жазылмас жан жарасы / Е.Бақтораз // Балқаш өңірі. - 2020. - 14 ақпан (№12). - 3 б.