"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Гущина Татьяна Викторовна

Просмотров: 1035

     Гущина Татьяна Викторовна 1959 жылы 18 қаңтарда Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы №9 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1977 жылы Балқаш медициналық училищесіне оқуға түседі. 1980 жылы медициналық училищені үздік бітіріп, еңбек жолын Балқаш қаласының жедел медициналық жәрдем станциясында фельдшер қызметінен бастады.
     1986 жылы қаңтарда Балқаш қалалық әскери комиссариаты Т.Гущинаны Ауғанстан Республикасына жібереді, онда  Кабул қаласындағы 40-шы армияның Орталық госпиталінің неврология бөлімінде медбике болып қызмет атқарды.
      1989 жылдың қаңтар айында Ауғанстаннан үйіне оралғаннан кейін Балқаш қаласының жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері қызметін жалғастырады. 1992 жылдан бастап «Балқашмыс» ӨБ ХПЖ орталық денсаулық сақтау бөлімшесінде фельдшер болып жұмыс істеп, 2017 жылы құрметті демалысқа шықты.
     Интернационалдық борышын орындағаны үшін Татьяна Викторовна Гущина «Ауған халқының интернационалист-жауынгерге алғыспен», «Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылғанына 20 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылғанына 25 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл» медальдарымен марапатталды.

Мақала тізімі:

1. Бақторазқызы, Е. Ауған асуында от кешкендер  / Е.Бақторазқызы // Балқаш өңірі. – 2019. – 6 ақпан (№11). – 2 б.
2. Кәукербекова, Г. Жастығын жалын шарпыған / Г.Кәукербекова // Балқаш өңірі. – 2019. – 20 ақпан (№15). – 2 б.
3. Мақсұтұлы, Қ. Өр намысын бермеген, ерлік жасап ерлеген! / Қ. Мақсұтұлы // Пульс. – 2019. – 22 февраля (№8). – С. 4
4. Жүнісұлы, О. Сағыныш / О.Жүнісұлы // Балқаш өңірі. – 2019. – 19 шілде (№53). – 6 б.
5. Күземханов, М. Ауған ардагерлері ардақталды / М.Күземханов // Балқаш өңірі. – 2020. – 19 ақпан (№13). – 2 б.


 

 


Дата редактирования: 19 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика