"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Мухамедиев Бауыржан Мейрханұлы

Просмотров: 1270

     Мұхамедиев Бауыржан Мейрханұлы 1959 жылы 19 желтоқсанда Қарағанды облысының Қоңырат елді мекенінде дүниеге келген.
     1977 жылы мектепті бітіргеннен кейін Балқаш қаласының ОКТУ-не оқуға түсіп, училищені бітіргеннен кейін БКМК зауытына токарь мамандығы бойынша жұмысқа орналасады.
     1978 жылы Балқаш қалалық әскери комитеті қатарына шақырылады. 1980 жылдан бастап Ауғанстан Республикасында интернационалдық борышын атқара бастайды, онда №25982 әскери бөлімінің штаб қызметкері, біріктірілген түрдегі материалдық қамтамасыз ету взводының командирі лауазымын атқарады.
     Әскери қызметтен босатылғаннан кейін «Балқаштүстімет» ӨБ жұмысын жалғастырып, қазіргі уақытқа дейін сол жерде еңбектенуде.
     2009 жылы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің «Боевое братство» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайланды. 2017 жылы Балқаш қаласының әкімдігінің қолдауымен жауынгер-интернационалистерге ескерткіш орнатылды.
     Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқаны үшін «Ауған халқынан алғыс», «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл», «Жауынгерлік айбын», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 10 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 15 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 20 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 25 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 30 жыл» медальдарына ие болды. 2018 жылы Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталды.
     Мұхамедиев Бауыржан Мейрханұлы қазіргі таңда «Балқаш қаласындағы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің әскери бауырластығы» ҚБ-ның төрағасы. Бауыржан Мейрханұлы әрдайым жастармен кездесіп, оларға Отанға деген сүйіспеншілік, жігерлік, Отан алдында өзінің борышын өтеуге талпыну қасиеттерін тәрбиелеуде.


Мақалалар тізімі:

  1. Аманқұлов, Қ. Ауғанстан – жанымның дерті / Қ.Аманқұлов // Балқаш өңірі. – 2012. – 10 ақпан (№16-17). – 3 б.
  2. Кәрім, Н. Халық каһарманы балқаштықтармен жүздесті / Н.Кәрім // Балқаш өңірі. – 2012. – 15 ақпан (№18). – 2 б.
  3. Аманқұлов, Қ.  Жерлес жауынгерлермен жүздесу / Қ.Аманқұлов // Балқаш өңірі. - 2012. – 17 ақпан (№19-20). - 1 б.
  4. Ерубаева, Р. Ауған – тарихтың қасиетті парағы / Р.Ерубаева // Балқаш өңірі.  – 2014. – 19 ақпан (№18). – 8 б.
  5. Күземханов, М.  Жүректе қалған Ауғанстан / М.Күземханов // Балқаш өңірі. - 2014. – 21 ақпан (№19-20). - 4 б.
  6. Нөкербекова, Қ.  Бүгінгі күннің батырлары / Қ.Нөкербекова // Балқаш өңірі. - 2014. - 26 ақпан (№21). - 3 б.
  7. Ержанқызы, А. Ауғанстан – жүректегі жара / А.Ержанқызы // Балқаш өңірі. - 2015 - 13 ақпан (№16-17). – 5 б. 
  8. Маратұлы, Н. Ауған соғысы және алты шекті гитара / Н.Маратұлы // Балқаш өңірі. - 2015 - 25 ақпан (№21). - 4 б.
  9. Анитова, С. Интернационалист – жауынгерлермен кездесу /С.Анитова // Балқаш  өңірі. -  2015. - 27 ақпан (№22-23). – 6 б.
  10. Накипова, А. Ауған асуында / А.Накипова // Балқаш өңірі. – 2016. - 10 ақпан (№ 15). - 3 б.
  11. Алишев, Б.  Ауған соғысының ардагерлері / Б.Алишев // Балқаш өңірі. - 2016. - 12 ақпан (№16-17). - 4 б.
  12. Бекеева, А.  Жан жарасына айналған Ауғанстан / Н.Бекеева // Балқаш өңірі. - 2016. - 17 ақпан (№18). - 3 б.
  13. Сағатбекова, М. Ауғанның от – жалыны / М.Сағатбекова // Балқаш өңірі. -2016. - 17 ақпан (№18). - 3 б.
  14. Едебеков, Ж. Тарих беттерінде / Ж.Едебеков // Балқаш өңірі. – 2017. – 24 ақпан (№22-23). – 2 б.
  15. Мақсатұлы, Қ. Ерліктерін ұмытылмас ешқашан! / Қ.Мақсатұлы // Пульс. -2019. - 15февраля (№7). - С. 3
  16. Бақтораз, Е. Ерлік пен өрліктің үлгісі / Е.Бақтораз // Балқаш өңірі. - 2019. 15 ақпан (№14). - 4 б.
  17. Махашова, К, Ауған ақиқаты / К.Махашова // Балқаш өңірі. - 2019. – 20 ақпан (№15). – 2 б.
  18. Кәукербекова, Г. Жастығын жалын шарпыған / Г.Кәукербекова // Балқаш өңірі. – 2019. – 20 ақпан (№15). – 2 б.
  19. Бақторазқызы, Е. Ауғанның асуында от кешкендер / Е.Бақторазқызы // Балқаш өңірі. – 2020. – 19 ақпан (№13). – 8 б.
  20. Тойымбекова, Ш. Жас сарбаздар сапта сыналды / Ш.Тойымбекова // Балқаш өңірі. – 2020. – 19 ақпан (№13). – 8 б.

Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика