"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Бекмағамбетов Мұрат Мүралімұлы

Просмотров: 81

 

     Бекмағамбетов Мұрат Мүралімұлы 1967 жылы 20 ақпанда Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келген. 1984 жылы мектепті бітіргеннен кейін Балқаш қаласындағы СПТУ-№20 кәсіби училищенің газоэлектросварщик факультетіне оқуға түсті.
      1986 жылы мерзімді әскери қызметке шақырылды. 1988 жылға дейін Ауғанстан Республикасында өзінің әскери борышын өтеп, БТР (сегіз дөңгелекті броньды транспортер) жүргізушісі болды.
       М.Бекмағамбетов 1988 жылы елге оралды. Осы жылы әскери қызметтен босатылғаннан кейін МПЦ-ға  газоэлектросварщик  болып жұмысқа орналасты. Қазіргі таңда денсаулығына байланысты зейнеткер.
     М.Бекмағамбетов жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқаны үшін «Ауған халқынан интернационалист-жауынгерге алғыспен», «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл»,  «Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 20 жыл», «Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл», «Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл» медальдарымен марапатталды.

 


Дата редактирования: 04 Қазан 2022

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика