"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Нұрғалиева Ләззат Мүбаракқызы

     Нұрғалиева Ләззат Мүбаракқызы 1960 жылы 3 шілде күні Қарағанды облысының Шығыс Қоңырат елді-мекенінде дүниеге келген. 1977 жылы мектепті аяқтағаннан кейін, Балқаш медициналық училищесіне түсіп, медбике мамандығын алады.
     1979 жылдан бастап Балқаш қ. станциясының тораптық ауруханасының медбикесі болып жұмыс істеді. 1986 жылы әскери комиссариатпен Ауғанстан Республикасына жіберілді. Онда әскери-далалық госпитальда екі жыл медбике болып жұмыс істеді. Балқашқа оралғаннан кейін Ләззат Мүбаракқызы медицинаға оралмай, №53898 әскери бөліміне қызмет етуге барды. 1994 жылы әскери басқару офицері ретінде кіші лейтенант курстарына жіберілді. 2005 жылы капитан атағында әскер қатарынан босатылады.
     Интернационалдық борышын орындағаны үшін Ләззат Нұрғалиева «Ауған халқының интернационалист-жауынгерге алғыспен», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Ана жүрегі» медальдарымен марапатталды.

 

Мақалалар тізімі:

 1.Тұрсынқызы, Г. Жауынгер интернационалистер ерлігі ешқашанда ұмытылмайды / Г.Тұрсынқызы // Балқаш өңірі. – 2002. – 22 ақпан (№15). – 1 б.
2. Төлеуханұлы, Ғ. Қайсар қыз / Ғ. Төлеуханұлы  // Балқаш өңірі.  2003.  – 14 ақпан (№13).  – 2 б.
3. Аманқұлов, Қ. Ауғанстан – жанымның дерті / Қ.Аманқұлов  // Балқаш өңірі. – 2012.  – 10 ақпан  (№16-17).  – 3 б.
4. Маратұлы, Н.  Қазақ жауынгерлерін қазақ күресімен еске алды /  Н.Маратұлы / Балқаш өңірі.  -  2012. – 24 ақпан (№ 22-23).  –  4 б.
5. Күземханов, М. Ауғанстан естеліктері / М.Күземханов // Балқаш өңірі. – 2014. – 12 ақпан (№15). – 4 б.
6. Тойымбекова, Ш.  Ауғанстан тарих беттерінде  / Ш.Тойымбекова  // Балқаш өңірі.  – 2015. – 13ақпан  (№16-17).  -  1;5 б.
7. Ержанқызы, А.  Ауғанстан  - жүректегі жара  /  А.Ержанқызы  //  Балқаш өңірі.  -  2015.  – 13 ақпан  (№16-17).  –  5 б.
8. Анитова, С. Интернационалист – жауынгерлермен кездесу / С.Анитова  // Балқаш  өңірі.   -  2015. -  27 ақпан (№22-23).  – 6 б.
9. Алишев, Б.  Ауған соғысының ардагерлері / Б.Алишев // Балқаш өңірі. - 2016. - 12 ақпан (№16-17).  - 4 б.
10. Тойымбекова, Ш. Ауған соғысы жадымызда / Ш.Тойымбекова  // Балқаш өңірі.  – 2016.  -  17 ақпан (№18). – 3 б.
11. Сәрсембекқызы, Г.  Қазақтың өр мінезді қызы / Г.Сәрсембекқызы / Балқаш өңірі. – 2018.  – 14 ақпан (№18). – 1;5 б.
12. Бақторазқызы, Е. Ауған асуында от кешкендер / Е.Бақтораз // Балқаш өңірі. - 2019. – 6 ақпан (№11). – 2 б.
13. Байжұманова, С. Ауғанстан – жүректегі жара / С.Байжұманова // Балқаш өңірі. – 2019. – 20 ақпан (№15). – 2 б.
14. Кәукербекова, Г. Жастығын жалын шарпыған / Г.Кәукербекова // Балқаш өңірі. – 2019. – 20 ақпан (№15). – 2 б.
15. Махашова, К. Ауған ақиқаты  /  К.Махашова //  Балқаш өңірі. – 2019. – 22 ақпан (№16). – 6 б.
16. Жүнісұлы, О. Сағыныш /О.Жүнісұлы // Балқаш өңірі. – 2019. – 19 шілде (№53). – 6 б.


 


 


 


 


 

 


 


Дата редактирования: 13 Шілде 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика