Накипбеков Серікхан Қасенұлы 1967 жылы 10 қыркүйекте Гүлшат ауылында дүниеге келген. 1985 жылы №27 орта мектепті бітіріп, сол жылы №2 ОКТУ-дың автомеханик мамандығына түседі.
1986 жылы Серікхан Қасенұлы әскери қызметке шақырылады. 1986-1987 жылдары Ауғанстан Республикасындағы №63743 әскери бөлімінде қызмет еткен. 1988 жылы әскери борышын өтеп болғаннан кейін, Балқаш тау-кен металлургия комбинатында еңбек қызметін бастап, бүгінгі күнге дейін сол жерде жүргізуші болып жұмыс істейді.
Серікхан Қасенұлы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқаны үшін «Ризашылық білдірген ауған халқынан», «Әскери ерлігі үшін», «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл», «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шыққанына 10 жыл», «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шыққанына 15 жыл», «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шыққанына 20 жыл», «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шыққанына 25 жыл», «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шыққанына 30 жыл» медальдарымен марапатталған.
Мақалалар тізімі:
1. Мақсұтұлы, Қ. Өр намысын бермеген, ерлік жасап ерлеген! / Қ.Мақсұтұлы // Пульс. – 2019. – 22 февраль (№8). – С. 4 .