"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Абдирбаев Марат Дийслямович

Просмотров: 141

   

    Абдирбаев Марат Дийслямович 1966 жылы 24 қарашада Қарағанды облысы Қоңырат ауылында дүниеге келген. 1983 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Балқаш қаласындағы педагогикалық училищенің дене тәрбиесі факультетіне оқуға түсті.  
    1985 жылы мерзімді әскери қызметке шақырылады және 1987 жылға дейін Ауғанстан Республикасында өзінің әскери борышын өтеп, қару-жарақ пен басқа да жүктерді тасымалдаумен айналысты.
    М.Абдирбаев әскери борышын өтегеннен кейін 1987 жылдан бастап Қоңырат кентіндегі №25 орта мектепте мұғалім, ал 2003 жылдан бастап № 4 орта мектепте әскери істерден сабақ береді.
      Марат Абдирбаев жауынгерлік іс - қимылдарға қатысқаны үшін «Ауған халқынан – интернационалист-жауынгерге алғыспен», «Әскери ерлігі үшін», «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл», «Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 10 жыл», «Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 15 жыл», «Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 20 жыл», «Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл», «Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл» медальдарымен марапатталды.
Мақалалар тізімі:
1. Аманқұлов, Қ. Ауғанстан – жанымның дерті / Қ.Аманқұлов // Балқаш өңірі. – 2012. – 10 ақпан (№16-17). – 3 б.
2. Ержанқызы, А. Ауғанстан – жүректегі жара / А.Ержанқызы // Балқаш өңірі. - 2015 - 13 ақпан (№16-17). – 5 б.
3. Анитова, С. Интернационалист – жауынгерлермен кездесу /С.Анитова // Балқаш  өңірі. -  2015. - 27 ақпан (№22-23). – 6 б.
4. Накипова, А. Ауған асуында / А.Накипова // Балқаш өңірі. – 2016. - 10 ақпан (№ 15). - 3 б.
5. Сағатбекова, М. Ауғанның от – жалыны / М.Сағатбекова // Балқаш өңірі. - 2016. - 17 ақпан (№18). - 3 б.

 

 


Дата редактирования: 05 Тамыз 2021

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика