"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Үйде жалғыз қалғанда, Сіз ...?

Қуанышбеков Марат Қасымбекұлы

Просмотров: 7

     Қуанышбеков Марат Қасымбекұлы 1968 жылы 1 қаңтарда Ақтоғай ауданының Қоңырат ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Балқаш қаласына көшіп келіп, 1985 жылы №2 Абай атындағы мектепті бітіріп, сол жылы ОӨТУ №2 училищесіне  радио-теле механик мамандығына түседі.
     1986 жылы Марат Қасымбекұлы Кеңес Армиясы қатарына мерзімді әскери қызметке шақырылды.
     1986 жылдан 1987 жылға дейін №85615 әскери бөлімінде Ауғаныстан Республикасында әскери борышын атқарды.
     1988 жылы әскери қызметтен босатылғаннан кейін «Балхашцветмет» ӨБ жұмысын жалғастырып, қазіргі уақытқа дейін сол жерде еңбектенуде.
     Марат Қасымбекұлы соғыс қимылдарына қатысқаны үшін Марат Қасымбекұлы «Ауған халқының интернационалист-жауынгерге алғыспен», «Әскери ерлігі үшін», «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 10 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 15 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 20 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 25 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 30 жыл» медальдарымен марапатталды.

Мақалалар тізімі:

1. Бақторазқызы, Е. Тағзым мен құрмет үндестігі / Е.Бақторазқызы // Балқаш өңірі. – 2014. – 14 ақпан (№16-17). –1б.

2. Тойымбекова, Ш. Ауған соғысы жадымызда / Ш.Тойымбекова  // Балқаш өңірі.  – 2016.  -  17 ақпан (№18). – 3 б.

3. Сағатбекова, М. Ауғанның от – жалыны / М.Сағатбекова // Балқаш өңірі. -2016. - 17 ақпан (№18). - 3 б.

4. Мақсұтұлы, Қ. Жеңіл ұшақтар жарысы өтті / Қ.Мақсұтұлы // Пульс. – 2016. – 19 февраля (№8). – С. 6

5. Мақсұтұлы, Қ. Өр намысын бермеген, ерлік жасап ерлеген! / Қ.Мақсұтұлы // Пульс. – 2019. – 22 февраля (№8). – С. 4

 


Дата редактирования: 04 Желтоқсан 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика