"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Үйде жалғыз қалғанда, Сіз ...?

Терлікбаев Салтанат Әбішұлы

Просмотров: 8

      Терлікбаев Салтанат Әбішұлы 1960 жылы 16 желтоқсанда Балқаш қаласында дүниеге келген. №2 орта мектепті бітіргеннен кейін, 2-Кәсіптік техникалық училищенің кран машинисті мамандығына оқуға түседі.
    Салтанат Әбішұлы 1979 жылы Балқаш қаласындағы қалалық әскери комитетіне шақырылып, 1980 жылдан 1981 жылға дейін Ауғанстан Республикасында әскери борышын өтеді.
    1982 жылы әскери қызметтен босатылғаннан кейін БКМК-да балқытушы ретінде жұмысқа орналасты. 1991 жылдан бастап «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-де металлург - кеңесші болып жұмыс істейді.
     С.Терлікбаев жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқаны үшін «Ауған халқының интернационалист - жауынгерге алғыспен», «Әскери ерлігі үшін», «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл», «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шыққанына 10 жыл», «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шыққанына 15 жыл», «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шыққанына 20 жыл» «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шыққанына 25 жыл», «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шыққанына 30 жыл» төсбелгілерімен марапатталды.

Мақала тізімі: 
1. Кәрібек, Ә.  Ауғанның асуында от кешкендер / Ә.Кәрібек  // Балқаш өңірі. – 2020. – 19 ақпан (№13). – 8 б.


 

 


Дата редактирования: 04 Желтоқсан 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика