"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Үйде жалғыз қалғанда, Сіз ...?

Балқыбеков Талғат Қадырбекұлы

Просмотров: 13

     Балқыбеков Талғат Қадырбекұлы 1966 жылы 13 желтоқсанда Балқаш қаласында дүниеге келген. 1982 жылы №10 орта мектепті бітіргеннен кейін, Балқаш тау - кен металлургия техникумының «Автомобильді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығына түсті.
     1986 жылдан 1989 жылға дейін Талғат Балқыбеков Ауғанстан Республикасында №63747 әскери бөлімінде штаб қызметінде әскери борышын атқарды, аға сержант және взвод командирі болды.
     1991 жылы әскери қызметті аяқталғаннан кейін АТП -11003 жүк тасымалында жүргізуші болып жұмысқа орналасты.
     2009-2010 жылдары Талғат Балқыбеков Балқаш ЖЭО-да механик болып жұмыс істеді. 2011 жылдан бастап ол Балқаш ЖЭО кәсіподақ комитетінің төрағасы болып табылады.
     Талғат Балқыбеков соғыс қимылдарына қатысқаны үшін «Ауған халқының интернационалист-жауынгерге алғыспен», «Әскери ерлігі үшін», «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 10 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 15 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 20 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 25 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 30 жыл» медальдарымен марапатталды.

Мақалалар тізімі:

  1. Тұрсынқызы, Г. Жауынгер интернационалистер ерлігі ешқашанда ұмытылмайды / Г.Тұрсынқызы // Балқаш өңірі. – 2002. – 22 ақпан (№15). – 1 б.
  2. Кәрім, Н. Ауған соғысынан іргемізді алыс салғанымызға – 20 жыл / Н.Кәрім // Балқаш өңірі. – 2009. – 18 ақпан (№20). – 3 б.
  3. Алишев, Б. Ауған соғысының ардагерлері / Б.Алишев // Балқаш өңірі. - 2016. - 12 ақпан (№16-17). - 4 б.
  4. Кәрібек, Ә. Ауғанның асуында от кешкендер / Ә.Кәрібек // Балқаш өңірі. – 2020. – 19 ақпан (№13). – 8 б.

 

 

 


Дата редактирования: 04 Желтоқсан 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика