"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Аязбаев Мұрат Жолдасбайұлы

Просмотров: 1202

      Аязбаев Мұрат Жолдасбайұлы 1966 жылы 1 наурызда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Үшқайнар ауылында дүниеге келген.
     1984 жылы Мәскеу қаласында №73 ОКТУ бітіріп, ағаш шебері-паркетші мамандығын алды. 1984 жылдың 29 қазанында Мәскеу қаласының Куйбышев АӘК Кеңес әскерінің қатарына шақырылды. М.Аязбаев әскери қызметін сержант шенінде  Ауғанстандағы шектеулі әскер контингенті құрамындағы ЖҚҚ-ның санитарлық нұсқаушысы қызметінде 1985 жылдың 15 сәуірінен 1986 жылдың 16 қазанына дейін 24742 әскери бөлімінде 317 полктің барлаушы ротасында атқарды. Бұл бөлім Кабул қаласына орын ауыстырды. М.Аязбаев Күнар ауылды мекенінде болған ұрыс қимылдарында қаза болғандар мен жараланғандарды ұрыс алаңынан шығарып, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.  Сонымен қатар, «Ауған халқының интернационалист-жауынгерге алғыспен», «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 10 жыл», «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 20 жыл» медальдарына, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасына ие болды.
     М.Аязбаев әскер қатарынан босатылғаннан кейін Балқаш қаласына келіп, Балқаш стансасының локомотив депосында тепловоз машинисінің көмекшісі болып жұмыс істеді. 2010 жылдың сәуір айында кәсіподақ комитетінің босатылған мүшесі болып сайланды.  Отбасылы, екі қызы бар.
     Мұрат Жолдасбайұлы өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге белсенді қатысумен ерекшеленеді. 1986 жылы Саяқ кентінде «Ауған» спорттық-патриоттық клубын құрып, жастарды әскерге дайындады. Балқаш қаласына көшкен соң, Балқаш тау-кен металлургиялық техникумында балаларды жаттықтыруды жалғастырды.
     Қазіргі уақытта Мұрат Жолдасбайұлы Аязбаев Балқаш қаласындағы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің «Жауынгерлік бауырластығы» ҚБ басқармасының белсенді мүшесі болып табылады, жиі жастармен кездесіп, оларды патриотизмге, Отан алдындағы борышын орындауға және туған жердің болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуде.

Мақалалар тізімі:

1. Тұрсынқызы, Г. Жауынгер интернационалистери ерлігі ешқашанда ұмытылмайды / Г.Тұрсынқызы // Балқаш өңірі. – 2002. – 22 ақпан (№15). – 1 б.
2. Ақатай, Г. Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылуының 20 жылдығы / Г.Ақатай // Балқаш өңірі. – 2009. – 20 ақпан (№21-22). – С. 3 б.
3. Аманқұлов, Қ.  Ауғанстан – жанымның дерті / Қ.Аманқұлов // Балқаш өңірі. – 2012. – 10 ақпан (№16-17). – 3 б.
4. Тойымбекова, Ш. Ауғанстан тарих беттерінде / Ш.Тойымбекова // Балқаш өңірі. – 2015. – 13 ақпан (№16-17). – 1;5 б.
5. Маратұлы, Н. Ауған соғысы және алты шекті гитара / Н.Маратұлы // Балқаш өңірі. – 2015. – 25 ақпан (№21). – 4 б.
6. Анитова, С. Интернационалист-жауынгерлермен кездесу / С.Анитова // Балқаш өңірі . – 2015. – 27 ақпан (№22-23). – 6 б.
7. Накипова, А. Ауғанстан асуында / А.Накипова // Балқаш өңірі. – 2016. – 10 ақпан (№15). – 3 б.
8. Мақсұтұлы, Қ. Әскери жасақтар шеруі / Қ.Мақсұтұлы // Пульс. – 2016. – 12 февраля (№7). – С. 5
9. Алишев, Б. Ауған соғысының ардагерлері / Б.Алишев // Балқаш өңірі. – 2016. – 12 ақпан (№16-17). – 4 б.
10. Бақторазқызы, Е. Ауған асуында от кешкендер / Е.Бақторазқызы // Балқаш өңірі. – 2019. – 6 ақпан (№11). – 2 б.
11. Кәукербекова, Г. «Басымыздан талай қиындықтар өтті...» / Г.Кәукербекова // Балқаш өңірі. – 2019. – 15 ақпан (№14). – 5 б.
12. Базылхан, А. Ардагерлер – ардағым / А.Базылхан // Балқаш өңірі. – 2019. – 20 ақпан (№15). – 2 б.
 

 

 


Дата редактирования: 28 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика