"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Антонов Анатолий Владимирович

     Антонов Анатолий Владимирович  1966 жылы 11 қарашада  Жезғазған облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген.
    Әскерге дайындығын Балақаш қаласының тау-кен техникумында өткізеді. Әскер қатарына шақырылғанға дейін «Балқашмыс» өнеркәсіп  орталығында   ЦСП  тоқ ұстасы   болып  жұмыс істеді.
       12 сәуір 1986 жылы  Жезғазған облысы,  Балқаш  қалалық  әскери комиссариатында Советтік әскер қатарына шақырылды. «51888»  әскери бөлімінде жүргізуші-реттеуші қызметін атқарады.  180 мотоатқыштар полкында қатардағы А.Антонов әскери міндетін өтеу кезінде 19 рет соғыс операциясына қатысып, банды - бүлікшілерден жасақталған топтарды ұстауға атсалысқан. Ол өзін тез шешім қабылдағыш,  жауынгер-интернационалист  ретінде көрсете білді.
     Әсіресе,  ол  1988 жылы 20 наурызда  Суруби  елді мекенінде өткен  соғыс алаңында ерекше ерлік жасады, бүлікшілермен ұрыс кезінде күзет заставасындағы  оқ- дәрілер сақталған қойма өртеніп, қатардағы А.Антонов, өз өмірін қатерге тігіп, қарсыластарының бет қаратпас жалының ортасында жүріп, өртті сөндіреді. Жер бедерін қолдана отырып,  БМП-ны жаудың қарсылас қанатына алып  шығып,  машинаның жанынан ыңғайлы орын таңдап, қарсыластарының екі от тұтандырғышын  істен шығарады. Соғыста ауыр жараланып,  1988 жылы 21 наурызда қайтыс болады.
    Ауған шекарасындағы жауынгерлік  батырлығымен,  ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз»  орденімен  марапатталады.
     1988 жылы 29 наурызда Балқаш қаласында жерленді.

Мақалалар тізімі:

  1. Аманқұлов, Қ. Ауғанстан-жанымның дерті / Қ.Аманқұлов // Балқаш өңірі. – 2012. – 10 ақпан (№16-17). – 3 б.
  2. Тойымбекова, Ш. Ауғанстан тарих беттерінде / Ш.Тойымбекова // Балқаш өңірі. – 2015. – 13 ақпан (№16-17). – 1;5 б.
  3. Базылхан, А. Ауған ақиқаты / А.Базылхан // Балқаш өңірі. – 2015. – 20 ақпан (№19-20). – 2 б.
  4. Накипова, А. Ауғанстан асуында / А.Накипова // Балқаш өңірі. – 2016. – 10 ақпан (№15). – 3 б.
  5. Тойымбекова, Ш. Ауған соғысы жадымызда / Ш.Тойымбекова // Балқаш өңірі. – 2016. – 17 ақпан (№18). – 3 б.
  6. Мақсұтұлы, Қ. Ерліктерің ұмытылмас ешқашан! / Қ.Мақсұтұлы // Пульс. – 2019. – 15 февраль (№7). – С. 3
  7. Базылхан, А. Ардагерлер – ардағым / А.Базылхан // Балқаш өңірі. – 2019. – 20 ақпан (№15). – 2 б.

Дата редактирования: 03 Сәуір 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика