Антонов Анатолий Владимирович 1966 жылы 11 қарашада Жезқазған облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген.
Әскерге дайындығын Балқаш қаласының тау-кен техникумында өткізеді. Әскер қатарына шақырылғанға дейін «Балқашмыс» өнеркәсіп орталығында ЦСП тоқ ұстасы болып жұмыс істеді.
1986 жылғы 12 сәуірде Жезқазған облысы, Балқаш қалалық әскери комиссариатында Кеңестік әскер қатарына шақырылды. «51888» әскери бөлімінде жүргізуші-реттеуші қызметін атқарады. 180 мотоатқыштар полкының қатардағы А.Антонов әскери міндетін өтеу кезінде 19 рет соғыс операциясына қатысып, банды - бүлікшілерден жасақталған топтарды ұстауға атсалысқан. Ол өзін тез шешім қабылдағыш, жауынгер-интернационалист ретінде көрсете білді.
Анатолий Владимирович әсіресе 1988 жылы 20 наурызда Суруби елді мекенінде өткен соғыс алаңында ерекше ерлік жасады. Бүлікшілермен ұрыс кезінде күзет заставасындағы оқ-дәрілер сақталған қойма өртеніп, қатардағы сарбаз өз өмірін қатерге тігіп, бет қаратпас жалынның ортасында жүріп өртті сөндіреді. Жер бедерін қолдана отырып, БМП-ны жаудың қарсылас қанатына алып шығып, машинаның жанынан ыңғайлы орын таңдап, қарсыластарының екі от тұтандырғышын істен шығарады. Соғыста ауыр жараланып, 1988 жылы 21 наурызда қайтыс болады.
Ауған шекарасындағы жауынгерлік батырлығы мен ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталады.
1988 жылы 29 наурызда Балқаш қаласында жерленді.
Мақалалар тізімі:
- Аманқұлов, Қ. Ауғанстан-жанымның дерті / Қ.Аманқұлов // Балқаш өңірі. – 2012. – 10 ақпан (№16-17). – 3 б.
- Тойымбекова, Ш. Ауғанстан тарих беттерінде / Ш.Тойымбекова // Балқаш өңірі. – 2015. – 13 ақпан (№16-17). – 1;5 б.
- Базылхан, А. Ауған ақиқаты / А.Базылхан // Балқаш өңірі. – 2015. – 20 ақпан (№19-20). – 2 б.
- Накипова, А. Ауғанстан асуында / А.Накипова // Балқаш өңірі. – 2016. – 10 ақпан (№15). – 3 б.
- Тойымбекова, Ш. Ауған соғысы жадымызда / Ш.Тойымбекова // Балқаш өңірі. – 2016. – 17 ақпан (№18). – 3 б.
- Мақсұтұлы, Қ. Ерліктерің ұмытылмас ешқашан! / Қ.Мақсұтұлы // Пульс. – 2019. – 15 февраль (№7). – С. 3
- Базылхан, А. Ардагерлер – ардағым / А.Базылхан // Балқаш өңірі. – 2019. – 20 ақпан (№15). – 2 б.