"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Қадыржанов Қамал Қадыржанұлы

Просмотров: 1621

   Қадыржанов Қамал Қадыржанұлы 1906 жылы Семей облысы, Аягөз ауданы Кіші Аягөз ауылында дүниеге келген.
     1932 жылы Мәскеу қаласындағы Түсті металдар институтын бітірген соң, Балқаш қаласына келіп  инженер-байытушы болып жұмыс істейді.   
     1938 жылы 23 сәуір күні Балқаш байыту фабрикасында инженер Қамал Қадыржановтың басшылық  жасауымен тұңғыш мыс концентраты алынып,  1938 жылдың  24 қарашасы күні осы концентраттан Балқаш мыс қорыту зауытында тұңғыш  Балқаш қара мысы ағызылды. Бұл күн комбинаттың туған күні болса, қазақ ұлтынан шыққан бірінші инженер Қ.Қадыржановтың өмірбаянындағы ерекше сәт болып қалды.
    1941 жылы Қамал Қадыржанов  біздің республиканың жергілікті өндірісінің Халық комиссары болып тағайындалады. 
   1944 жылдан 1951 жылға дейін Қ.Қадыржанов Талдықорған мен Қарағанды облыстарының облыстық атқару комитетінде төрағаның орынбасары, 1951-1956 жылдары «Ленгеркөмір» тресінің басқармасы және Басшахтақұрылысының бастығы болып істеді.       1957 жылы  Қ.Қадыржанов Алматы кеңестік халық шаруашылығы  өндірісі  Басқармасының бастығы болып тағайындалады.  1960-1965 жылдар аралығында  Қазақ кеңестік халық шаруашылығының  түсті металдар Басқармасын басқарады.1965 жыл мен 1976 жылдар аралығында республиканың  түсті металлургия Министрлігіндегі мыс және алюминий өндірісінің Бас басқармасының бастығы болып қызмет атқарады.
   Қамал Қадыржанұлы «Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген металлургі» атағының иегері, Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі, II дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.  
     Қадыржанов Қамал Қадыржанұлы 1981 жылы қайтыс болды. 1982 жылы 27 қаңтарда Балқаш қалалық халық депутаттары Кеңесінің атқару комитетінің шешімімен қаланың бір көшесіне Қ.Қадыржановтың аты берілді.

Әдебиеттер тізімі:

1. Салықов, К. Жаны жомарт жан еді // Егемен Қазақстан.
2. Тарих деректерінен // Балқаш өңірі. – 1992. – 24 қараша(№140). – 3 б.
3. Алғашқы адым // Балқаш өңірі – 1993. – 21 сәуір(№32). – 3 б.
4. Құлахметов, Ғ. Қамал Қадыржанов туралы сөз / Ғ.Құлахметов // Балқаш өңірі. – 1995. – 10 қаңтар(№2). – 3 б.
5. Алғашқы қазақ инженері // Балқаш өңірі. – 1996. – 9 қараша(№80). – 10 б.
6. Алғашқы инженер // Балқаш өңірі. – 1998. – 15 шілде(№56). – 3 б.
7. Сардарбекова, К. Алғашқы мысшылар / К.Сардарбекова // Балқаш өңірі. – 1998. – 11 қараша(№80). – 2 б.
8. Сардарбекова, К. Әкелер жүріп өткен жол / К.Сардарбекова // Балқаш өңірі. -–2000. – 5 мамыр(№36). – 7 б.
9. Жақып, М. Балқаш мысының бастауында / М.Жақып // Егемен Қазақстан. – 2006. – 7 желтоқсан(№98). – 6 б.
10. Балқаш. Тарих беттері. (1936-2007 жылдар) Құжаттар мен материалдар жинағы / Құрас.: Н.Жаксенова, А.Исабекова, Р.Сәкенова. -  Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 205 б.


Дата редактирования: 19 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика